
Талдықорған қаласы, № 29 орта мектеп-лицейінде «15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орай қалалық «Отбасым – асыл қазынам» атты спорттық іс-шара өтті. Шара барысында жалпы саны 13 отбасы қатысты. Жарыс 5 спорт түріне бөліңді. Атап айтқанда, 1. Отбасылық марафон – 800 м; 2. Қапшықпен секіру (Ерлер) – 20 м; 3. Секіртпемен секіру (Әйелдер) – 20 м; 4. Эстафеталық жарыс (отбасымен кедергілерді айналып жүгіру) – 20 м; 5. Гір тасын көтеру (Ерлер) – 2 мин; Сонымен қатар, жеңімпаздарды анықтау кезіңде ұпайлары тең түскен 4 команда арасында қосымша баскетбол добын себетке лақтыру жарысы өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын – Тұран; 2 орын – Болашақ; 3 орынды – Жайпақ отбасылық топтары иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және медальмен марапатталды.