
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
9 Мамыр – Жеңіс күнімен және
7 Мамыр – Отан қорғаушылар
күнімен құттықтауы
Құрметті соғыс және еңбек ардагерлер!
Қадірлі Отан қорғаушылар!
Cіздерді Жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мамырдың осы жаймашуақ күндері ерлік пен елдіктің, қайсарлық пен қажырлықтың қайталанбас үлгісі үнемі жадымызда жаңғырады, елге тыныштық, ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған жауынгерлерге деген құрмет сезімі еселене түседі. Сондықтан Отанға қалтқысыз қызмет ету дәстүрінің сабақтастығы үзілмей, қос мерекенің қатар тойлануында үлкен мән бар.
Ұрыс даласында жан алысып-жан беріскен, оқ пен оттың ортасында жүріп, елге аман оралған ардагерлеріміздің қатары жылдан жылға сиреп барады. Биыл Жетісу өңірінде көзі тірі сегіз майдангер, екі мың үш жүзден астам тыл еңбеккерлері Жеңіс мерекесін қарсы алып отыр. Олардың барлығына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілуде.
Өз өмірін құрбан етіп, бізге жарқын болашақ сыйлаған майдангерлер мен тылдағы ауыр да азапты еңбегімен елдің іргесін бүтіндеген ардагерлерге лайықты құрмет көрсету, оларжайлы естеліктерді ұрпақ жадында жаңғырту – біздің ортақ парызымыз.
Бүгінгі Қазақстан Қарулы Күштері сапындағы сарбаздарымызата-бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, шекара шебінде, тыныштық күзетінде тұр. Олардың жоғары деңгейдегікәсіби дайындығы мен машығы, айбары мен айбыны өскелең жастардың патриоттық тәрбиесін шыңдауда.
Соғыс және тыл ардагерлеріне, барша Отан қорғаушыларға, Жетісу жұртшылығына денсаулық, ашық аспан, бейбіт те берекелі ғұмыр тілеймін.
Ерен ерліктің иесі – аға ұрпақтың даңқы алдындаәрқашан басымызды иеміз! Олардың ұлы ерлігі мен қаһармандық үлгісіұрпақтарының мәңгі жадында.