Омар Жәлел облыс халқымен кездесуі

Омар Жәлел облыс халқымен кездесуі

28.04.2023 жылы Талдықорған қаласының І. Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы ММ қарасты, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, «Әкеге қарап, ұл өсер» тақырыбында Абайтанушы, Шәкәрімтанушы, дінтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Харекет» және «Жақсы» кітаптарының авторы Омар Жәлелмен кездесу өткізілді.

Шараға облыстық Ассамблеяның құрамындағы Аналар кеңесі, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының өкілдері, басқарма басшылары, қаламыздың білім беру мекемелерінің ұстаздары, қала тұрғындары және жастар қатысты.

Еркін форматта өткен кездесу қонағы Абай ілімін насихаттау, отбасы құндылығын сақтау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында орамды ойлар айтып, артынша көрермендердің жастар тәрбиесі, мамандық таңдау, дін ұстану, отбасындағы ер мен әйелдің орны жайлы қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.