
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Ынтымақ пен бірлік күніне орай, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, Жастар саябағында «Достық» фестивалі өткізілді.
Этномәдени бірлестіктердің қол өнер және Жетісу өңірінде тұратын түрлі этностардың ұлттық тағамдарынан көрмелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылды.
«Жетісу сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бірге «Адай» және «Балбырауын» шығармаларымен, жиналған қауымды қарсы алып, өз өнерлерін көрсетті. Облыс әкімі Б.Исабаев 1 мамыр - Бірлік күнімен тұрғындарды құттықтады.