
2023 жылдың 22 сәуірінде Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен Дүниежүзілік татар халқының тағамдары күні мерекесіне орай, аспаздық өнеріне арналған, қайырылымдылық пен мейірімділікті көздеген «Чак- чак пати» акциясы «Туган тель» татар этномәдени бірлестігімен ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында «Ең үздік ЧАК-ЧАК» байқауы өткізіліп, ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Горец», «Центр активного долголетия» өнерпаздары ән айтып, би биледі.
Шара соңында «Ең жақсы ЧАК-ЧАК» сайысының жеңімпаздары марапатталды.