
Отырыс барысында 2 мәселе қаралды
Аталған шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер орталықтарының, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жанындағы ҚХА кафедрасының, «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік штабының төрағалары мен белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қоғамдық пікір көшбасшысы, ҚР журналистер одағының мүшесі А.Идигов облыстық Жетісу телеарнасында «Единый народ» бағдарламасының тікелей эфирге қайта шығуын, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Ф.Маггерамов қоғамдық саяси ахуал мәселелерін жіті назарда ұстау және этносаралық қақтығыстардың алдын алу үшін Полиция департаменті өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуді, Талдықорған қалалық «Видергебурд» немістер ЭМО төрағасы В.Молодцов мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында этномәдени орталыққа қатысты ойнатылатын тендерлерді тек бір тараптан ұтып алу жүйесін енгізуді, облыстық орыс орталығының төрағасы Л. Котельникова «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту» тақырыбында этномәдени орталықтарға сыйақы ұйымдастыруды, «Қазақ мәдениеті мен салт дәстүр орталығының» төрағасы С.Шыныбаев облыстың 2-ге бөлінуіне байланысты көптеген өзгерістер болып, орталықтың кабинетін қайта қалыпқа келтіруді, қазақ үймен жабдықтауды ұсынды.
Шара соңында басқарма басшысы көтерілген мәселелер назарға алынғандығын және мүмкіндігінше жүзеге асырылатынын баяндады.