
Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шаралары бойынша семинар-кеңес өткізді.
Іс-шараға қатысу үшін «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ даму институттарының, «QazTrade» және «QazTrade «Сауда саясатын дамыту орталығының,» «KazakhExport» «Экспорттық сақтандыру компаниясының өкілдері шақырылды.
Даму институттарының өкілдері жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары, жабдықтарды монтаждау және шеф-монтаждау, үнемді өндіріс элементтерін енгізу, кәсіпорын қызметкерлерін оқыту, шетелдік мамандарды тарту бойынша шығындарды өтеу сияқты қолдау құралдарын таныстырды.
Экспорттаушы кәсіпорындар мен экспортқа шығу әлеуеті бар кәсіпорындарға шетелдегі сауда миссияларына (халықаралық көрмелер, бизнес – форумдар және т.б.), экспорттық акселерация бағдарламасына және e-алаңдарына шығаруға қатысуға, сондай-ақ экспорт бойынша шығындардың басқа да түрлерін өтеуге ұсынылды.
Сондай-ақ, тауар өндірушілер экспортты қолдаудың сақтандыру қаржылық шараларын ұсыну, шетелдік сатып алушының сенімділігін тексеру, кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі кезінде банктен қаржыландыру алу мүмкіндігі және айналым қаражатын толықтыруға экспорттаушыны жеңілдікпен қаржыландыру сияқты құралдармен танысты.
Іс - шараға орта және шағын бизнес арасынан облыстың 50-ден астам тауар өндірушілері, экспорттаушы кәсіпорындар мен экспортқа шығу әлеуеті бар кәсіпорындар, өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
2022 жылы облыс бойынша жүргізілген бірлескен жұмыстың нәтижелері бойынша "QazTrade" АҚ - дан "Темірбетон", "Метакон", "Жаркент крахмал-патока зауыты" ЖШС экспортқа өнімді жылжыту бойынша шығындардың орнын толтырды.
"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясынан "Қайнар АКБ" ЖШС, "Когер ЛТД", "Жаркент крахмал – сірне зауыты" мемлекеттік қолдау шаралары алынды.
Басқарма мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жеке консультация өткізу мақсатында облыс кәсіпорындарына баруды ұйымдастырды.
Тамақ өнеркәсібі («Тек Тау» ЖШС, «Жаркент крахмал - патока зауыты»), құрылыс индустриясы («ТASUN» ЖШС, «Ақ алтын өнім», «Аrtkz, «BARS TECHNOLODGIES», «АлмазКерамикс», «Алматы бояулары» ЖШС), жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына барды («Универсал», «Айсұлу тігін фабрикасы», «SofiМед» ЖШС), металлургия өнеркәсібі («Электромарганец» ЖШС, «AF») және т. б.
Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы