
Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Жиынға құқық қорғау органдары мен салалық басқармалардың басшылары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының басшылығы, сонымен қатар онлайн режимде қала және аудан әкімдері қатысты.
Отырыста екі мәселе – «Сыбайлас жемқорлықтың алды алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағыты мен Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары туралы мәселе қаралды.
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы Мақсат Жебегенов өз баяндамасында сыртқы талдау барысында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталғанын жеткізді. Атап айтқанда, олар жер қатынастары, құрылыс және тұрғын үй, сондай-ақ автомобиль жолдарын салу және оларға қызмет көрсету салаларында анықталған.
Сонымен қатар, алдын алу жұмыстары аясында сыбайлас жемқолық тәуекелдерін болдырмау және тәуекелдерді жою бойынша ұсыныстар енгізілді.
Отырыс барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында атқарылып жатқан жұмыс жөнінде облыстық басқарма басшыларының есебі тыңдалды.
Комиссия отырысының қорытындысымен таныстырған облыс әкімінің орынбасары Ә.Ә.Жақанбаев көтерілген мәселелер бойынша департаменттің ұсыныстарын қолдап, облыстық басқармалар басшыларына, сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және орын алған кемшіліктерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, кез келген салада заң аясында әрекет етуді, әділдік, қызметке адалдық және ашықтық қағидаларын берік ұстануды қатаң ескертті.