Жетісу облысының әкімі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесті

Жетісу облысының әкімі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесті

2023 жылдың 17 наурыз күні Жетісу облысы әкімі Б.Исабаевтың облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар этносаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты және облыста осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғады.

Сондай-ақ, облыс әкімі Б.Исабаев биыл Достық үйі ғимаратына жөндеу жүргізіліп, материалдық-техникалық база жаңартылатынын атап өтті.

Кездесу соңында облыс әкімі отаншылдықты, өзара сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеу – мемлекеттің ғана емес, барша азаматтарымыздың ортақ міндеті, сол себепті Тәуелсіз еліміздің баға жетпес байлығын сақтай білуіміз керектігіне назар аударды.