
Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова елдегі Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауынан тыс қалмай, Панфилов ауданындағы №317 сайлау учаскесінде дауыс берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Дауыс беру – бұл еліміздің ортақ болашағына өз үлесіңді қосу. Әр адам дауыс беруге белсене қатысуы керек. Себебі біз жаңа Қазакстанды бірге жасауға тиіспіз. Бүгінгі сайлау – өзгерістерге бастайтын маңызды қадам деп білемін, - деді Күләш апа.
Жалпы Панфилов ауданында барлығы 78 сайлау учаскесі бар, онда 84 мыңнан астам адам дауыс бермек.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.