
Бес мәрте Қазақстанның «TEMIRADAM» атағын иеленген ардагер спортшы, Ескелді ауданының тұрғыны Бақытжан Бектенов өз сайлау учаскесінде дауыс берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
«Елімнің азаматы ретінде таңдау жасадым. Сайлауда әрбір адамның дауысы маңызды. Сондықтан жетісулықтарды осындай тарихи мәні зор науқаннан қалмауға шақырамын», - деді спортшы.
Атап өтсек, Бақытжан Байтаұлы Акватлоннан, Дуатлоннан және Триатлоннан Азия, Қырғызстан, Қазақстанда өткен чемпионаттардың жеңімпазы.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.