
Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі Мойнақ ауылының тұрғыны, есімі ерекше Миллионер атты азамат саяси науқанда №439 учаскеге келіп, таңдау жасады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Миллионер Қажыкенұлы мал өсірумен, сүт өнімдерін сатумен айналысады. Бүгінде 5 бала, 10 немере тәрбиелеп отыр. Ол ауылдастарын сапалы сүт өнімдерімен қамтумен қатар, елдің қоғамдық-саяси өміріне де белсене қатысады.
- Бүгін облыс тұрғындарының қатарында сайлауға келіп, өзім сенім артқан кандидатқа, қалаған партияма дауыс бердім. Сайлауда әр адамның дауысы маңызды, өйткені еліміздің ертеңіне, ұрпақтарымыздың келешегіне деген жауапкершілігіміз ортақ, - дейді М. Қажыкенұлы.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі