«Аналар - асыл жандар» мерекелік іс-шара

«Аналар - асыл жандар»  мерекелік іс-шара

2023 жылдың 6 наурыз күні, Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен 8 наурыз мерекесіне орай «Аналар - асыл жандар»  мерекелік іс-шара мен «Этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі Аналардың рөлі» облыстық практикалық конференциясы өткізілді.

Шара барысында “Өрнек” ансамблі, “Горец” би ансамблі, “Ачимноуль” ансамблі өнер көрсетіп, №21751 әскери бөлімінің оркестрі, “Болашақ” вокал студиясы және өзгеде өнерпаздар өнерлерін көрсетіп, соныңда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеяның құрылымдарының нәзік жандарына мерекеге орай арнайы сыйлықтар табысталды.

Конференцияны облыстық Қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары С.Бимұханбетов ашып,  нәзік жандыларды айтулы мерекемен құттықтады. Облыстық аналар кеңесінің төрағасы Н.Баймадиева, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі, Дағдарыс орталығының директоры С.Қадыров, қоғам белсендісі Қ.Сансызбай, кәсіптік медиатор Б.Чингаева, облыстық қоғамдық даму басқармасы бөлім басшысы А.Охановалар сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады.

Конференция мақсаты - «Аналар кеңесінің» қазақстандық қоғамда отбасылық құндылықтарды сақтау, нығайтудағы рөлін және күн тәртібінде этномедиаторлардың қызметтік міндеттеріне байланысты  тиісті дағдыларға үйрету мәселесін қозғау.

Шара барысында жалпы этномедиацияның  маңыздылығын және дамуы үшін атқарылып жатқан жұмыстарды талқылай отырып пікір алмасты.