
2023 жылдың 22 ақпан күні «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығында» «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев және Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары С.Бимуханбетов «Жас саясаткер мектебі» жобасы аясында Талдықорған қаласының жастарымен кездесті.
Кездесу мақсаты - «Жас саясаткер мектебі» жобасы тақырыбында жастардың қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыру, білікті кадрлық резерв даярлау.
Кездесу барысында спикерлер студенттерге жобаның мақсат міндетін түсіндіре отырып, жастардың қоғамдық өмірге араласып, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге мол мүмкіндік беретініне назар аударды. Студенттер өздерін қызықтырған тақырыпта сұрақ қойып, мардымды жауаптар алды.