
2023 жылдың 16-18 ақпан күндері, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ұлтаралық қақтығыстарды шешудегі медиативтік тәсіл» тақырыбында этномедиация институтын дамыту үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың өкілдерін этномедиация дағдыларына үйрету мақсатында 3 күндік оқыту семинары өткізілді. Панфилов ауданына қарасты жергілікті полиция инспекторлары, орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері, жергілікті әкімшіліктің заңгерлері және жергілікті ауылдық округ медиаторлары, ауданның ішкі істер бөлімінің медиацияға жауапты мамандары қатысты.
Қатысушылар этномедиация негіздері, оның ішінде этносаралық қақтығыс, этносаралық қақтығыстың дауы қалай басталады? әдістері мен шешу жолдары қандай? – деген сұрақтарға жауап іздеп, нақты кейстерді талдап, өз ойларын ортаға салып, тренингтің пайдалы әрі көңілді өтуіне ат салысты. Медиация процесі, медиатор техникасы туралы жүйелі танысып, эмоционалды жағдайды бақылау тәсілдерін меңгерді.
Спикерлер, республикалық деңгейдегі білікті мамандар Аманкелді Бақыт және Адаев Мұхтар Мұқанұлы әртүрлі кейстермен, фильмдерді мысалға ала отырып, қатысушылардың қызығушылығын арттырып, мол тәжірибелерімен бөлісіп, нақты ақпараттарға сүйене отырып, әр тақырыптың негізідерін ауқымды түрде түсіндірді.
Семинарда түрлі саладағы қызметкерлер көп мағлұмат алып, білімдерін тереңдете түсті. Спикерлерге көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасулар ұйымдастырды. Нәтижесінде қатысушылар келіссөздер жүргізудің негіздері мен техникасымен танысып, практикалық мысалдарға сүйеніп медиаторлық, коммуникациялық құзыреттіктерін дамытты.
Семинарға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, спикерлер мен ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді, соңында сертификаттар табысталды.