Еске салайық, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 бағыт бойынша алуға болатын кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу және субсидиялау түрінде туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары күшіне енді:
Жоғарыда көрсетілген тізбеден мемлекеттік қолдаудың алғашқы 4 шарасы ЖАО құзыретіне енгізілген және тиісінше жергілікті деңгейде қаралады және көрсетіледі.
Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау, жол бойындағы сервис объектілерін салу, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдер
1 наурызға дейін «Жетісу облысының туризм басқармасы» ММ-нің мекенжайына жолданады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау бойынша өтінімдер
1 желтоқсанға дейін Басқарманың атына жолданады. Барлық өтінімдерді облыс әкімдігінің қаулысымен құрылған облыстық комиссия қарайды. Комиссия шешімдері Басқарманың сайтында жарияланатын болады.
Келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау және кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу бөлігінде мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құзыретіне кіреді.
Кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе тасымалы кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау «Kazakh Tourism «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының құзыретіне кіреді.
Жетісу облысының туризм басқармасы
8 7282 32-93-94