Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің отырысы

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің отырысы

2023 жылдың 1 ақпан күні Достық үйінде облыстық Аналар кеңесінің «Ана-мәңгі асыл бейне» тақырыбында отырыс өтті.

Отырыстың басты мақсаты – Аналар кеңесін қайта құру, кеңес қызметін қолдау, іс-шаралар жоспарын талқылап, бекіту.

Отырыс барысында Жетісу облысының жаңадан құрылуына байланысты Жетісу облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің құрамы бекітіліп, Аналар кеңесінің 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.

Сөз соңында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.Усанова отырысты қорытындылап, қатысушыларға игі бастамаларға жемісті табыс тіледі.