Бірінші басшының атына жазылған өтініштер «Е-otinish» арқылы қабылданады

Бірінші басшының атына жазылған өтініштер «Е-otinish» арқылы қабылданады

Заңнаманың өзгеруіне (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2200000177) және барлық өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е-otinish» ақпараттық жүйесін институттандыруына байланысты Сіз мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына енді олардың жеке блогы арқылы емес, «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз. 

«Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштер мемлекеттік органның өзінің де, Бас прокуратураның да қатаң есебінде және бақылауында болады. 

Платформа азаматқа өз өтінішін қарау барысын бақылауға және дербес бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

 

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ақапарат комитеті.