Благотворительная акция «Достық дастарханы»

Благотворительная акция «Достық дастарханы»

2023 жылдың 5 қаңтар күні, Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қазақтану» жобасы аясында «Достық дастарханы» қайырымдылық акциясы өтті.

Аталған акцияны ашқан «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а Р.Усанова өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны жайлы сөз қозғап, балалар біздің болашағымыз, жақсы тәрбие беріп өсіру ата-ананың басты мақсаты екендігін атап өтті.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен 27 отбасының балаларына, оның ішінде 26 қыз, 24 ер балаға қыстық күртеше, аяқ киім, бас киім және қолғаптар табысталды.