
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
Рождество мерекесімен
құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Рождество мерекесімен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Жүректерді жылылыққа бөлеп, мейірімге толтыратын осы бір жарқын мереке біздің гуманистік-адамгершілік қарым-қатынастарға деген ортақ көзқарастарымызды одан әрі бекіте түседі. Қайырымдылық жасауға, жанашырлық танытуға, жақын жандарға қамқор болуға, әлемдегі үйлесімділікті сақтауға, өзара түсіністік пен бауырмалдыққа үндейді. Діни, этникалық өзгешеліктерімізге қарамастан, біздің рухани құндылықтарымыздың мақсат-мұраты бір, соған сәйкес бізді әрдайым ортақ болашақ байланыстырады.
Рождество мерекесімен құттықтай отырып, облыстың барлық православиелік тұрғындарына Жетісу өлкесін, Отанымыз Қазақстанды өркендету жолындағы ізгі ниеті мен игі істері үшін ризашылығымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, әр шаңыраққа молшылық, береке мен бақыт тілеймін!