«Тәуелсіздігім – тұғырым!» облыстық форум аясында Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі мен «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» І сессиясы

«Тәуелсіздігім – тұғырым!» облыстық форум аясында Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі мен «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі»  І сессиясы

2022 жылдың 19 желтоқсанда Талдықорған қаласындағы Салтанат Сарайында  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі өткізіліп, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес күн тәртібінде Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасарларын сайлау мәселесі қаралды.

Дауыс берудің қорытындысы бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің басқарма төрағасы, ректоры Қ.Баймырзаев пен «Нахичевань» әзербайжан ұлттық-мәдениет орталығы» ҚБ төрағасы Ф.Магеррамов облыстық  Ассамблея төрағасының орынбасарлары болып сайланды.

Кеңес «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» тақырыбындағы І сессиясымен жалғасты.

Алғашқы сессияға Республикалық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Джумурбаев, мемлекеттік органдардың басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктердің, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында «Жетісу облысының корей этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Ли Владимир Леонидович, №21751 әскери бөлімінің аға ұшқышы Чабанов Вячеслав Александрович және Панфилов ауданы, Жамбыл мектебінің оқушысы «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпазы  Азиза Құтымғазиевалар сөз сөйледі.

Сонымен қатар, сессия шешімі талқыланды.

Форум Сүйінбай атындағы облыстық филармонияда ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздігім – тұғырым!» концерттік бағдарламамен жалғасты. Марапаттау рәсімінде А.Билялов - «Бірлік» алтын медалімен, В.Ли «Жомарт жан» төс белгісімен, Ғ.Ақбасова - ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, Б.Гусенов - ҚР Президентінің Алғыс хатымен, С.Аметов - «Алғыс» төс белгісімен, еліміздің өркендеуіне, қоғамдағы тұрақтылық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан азаматтар Жетісу облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Концерттік бағдарламада ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, танымал әнші А.Жорабаева мен ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, патриоттық әндердің орындаушысы Ибрагим Ескендір тыңдарманды рухты әндерімен тербетсе, «Горец» би ансамблі әдемі би ырғағымен, талғамы биік, өзгеше би қимыл-қозғалысымен ел ықыласына бөленді.