Көпұлтты мемлекет үшін ішкі тұрақтылық пен бірлік маңызды

Көпұлтты мемлекет үшін ішкі тұрақтылық пен бірлік маңызды

2022 жылғы 08-10 желтоқсан аралығында этномедиация бойынша оқыту семинар - тренинг өткізілді. Аталған семинарда республикалық деңгейдегі білікті мамандар Аманкелді Бақыт, Адаев Мұхтар Мұқанұлы және Чингаева Бақыт Кенесарықызы мол тәжірбелерімен бөлісті. Нақты ақпараттарға сүйене отырып, әр тақырыптың негіздерін ауқымды түрде түсіндірді.

Семинарда түрлі саладағы қызметкерлер көп мағлұмат алып, білімдерін тереңдете түсті. Спикерлерге көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасулар ұйымдастырды. Нәтижесінде қатысушылар келіссөздер жүргізудің негіздері мен техникасымен танысып, практикалық мысалдарға сүйеніп медиаторлық, коммуникациялық құзыреттіктерін дамытты.

Семинарға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, спикерлер мен ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.