Бейбіт Исабаев бүгін Республика күніне арналған салтанатты митингіге қатысты

Бейбіт Исабаев бүгін Республика күніне арналған салтанатты митингіге қатысты

Бүгін Талдықорғандағы «Жастар» саябағында Республика күні ұлттық мерекесіне орай салтанатты митинг өтті. Оған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, ардагерлер, еңбек ұжымдары, қала тұрғындары қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Патриоттық акцияМемлекеттік Ту тұғырының жанында өтіп, алдымен Мемлекеттік Гимн орындалды.

Мұнан соң облыстық филармонияның әншілері мен өнер ұжымдары көпшілікке танымал «Көк Тудың желбірегені» және «Атамекен» әндерін орындады. Мерекелік іс-шаралар кешкілік «Жастар» саябағында өнерпаздардың қатысуымен өтетін концертпен жалғасады.

Еске салсақ, бүгін Республика күнінің құрметінеорай елдің түкпір-түкпірінде мемлекеттік ту көтерілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.