
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Манап, облыс әкімі аппаратының басшысы Н.Егінбаев және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Тұрсынбай өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Үш жақты меморандумда қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар мен Әдеп кодексін бұзудың алдын алуды қамтамасыз етудегі өзара іс-қимыл айқындалды. Сонымен қатар құжат Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің бұзылған құқықтарын қорғауға, қалпына келтіруге, аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын жандандыруға бағытталған.
Сонымен қатар меморандум шеңберінде негізгі нысаналы индикаторлар арқылы облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін бағалаудың өңірлік әдістемесі бекітілді. Бұдан былай олардың қызметі осы бекітілген нысаналы индикаторлар бойынша тоқсан сайын бағаланатын болады.