Жетісу облысының Қаратал ауданы Бастөбе ауылында Оңтүстік Корея жұртшылығының атынан «Достық» монументі мен мемориалы ашылды.

Жетісу облысының Қаратал ауданы Бастөбе ауылында Оңтүстік Корея жұртшылығының атынан «Достық» монументі мен мемориалы ашылды.

Шараға Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Бас консулы Пак Нэчхон, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Керімбек, Қаратал ауданының әкімі Ерлан Исабеков қатысты.

Отыз жыл ішінде екі ел арасында экономикалық және мәдени-рухани байланыстар орнығып үлгерді.

Кездесуде сөйлеген сөзінде Пак Нэчхон: «Мен өз атымнан және Корея мемлекетінің атынан Қазақстан халқына рахмет айтамын. Біз Қазақстан Республикасын, соның ішінде Қаратал ауданы Үштөбе қаласын қасиетті де киелі аймақ, біздің алтын бесігіміз деп санаймыз. Өйткені бұл жер қиын-қыстау кезеңде туған жерінен Қазақстанға жер аударылған отандастарымызды қорғап, олардың өсіп-өркендеуіне көмегін тигізді. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі нығая берсін».

Мерейлі жылға арналған шаралар легін Бастөбеде корей халқының атынан «Достық» монументі мен мемориалының салтанатты ашылуы түйіндеді.