Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды

Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды

2022 жыл көптеген мерейтойлармен ерекшеленеді. Сонын бірі, тоқтала кетсек, Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Осы жылдар ішінде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік жобалар саласында байланыс орнатылды, сондай-ақ ғылым мен өнер саласында көптеген іс-шаралар өткізілді.

Қаратал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Бас консулы Пак Нэчхонның аталған ауданның тұрғындарымен және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық Қазақстанның барлық ішкі саясатының өзегі екенін талқылады. Тәуелсіздік жылдарында этносаралық және конфессияаралық келісімді қалыптастыратын диалог, азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік институттардың өзара іс-қимылы үшін барлық жағдайлар жасалды.

Ұлттық бірлік әрбір азамат пен оның елінің ортақ тағдырын ұғыну, этностық тегіне, дініне және әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін мүмкіндіктердің теңдігі қағидаттарына негізделеді.

Кездесу аясында қатысушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарға жауап алды.