Жетісу облысында ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Жетісу облысында ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
 
Жетісу облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов төрағалық етті.
Отырыс барысында Ақсу, Қаратал, Көксу аудандары мен Текелі қаласы әкімдіктерінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыстары тыңдалды. Сонымен қатар, спорт федерацияларының қызметі және олардың азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі талқыланды.
Кеңес барысында аудандық және қалалық деңгейде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру, оларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық жобаларға кеңінен тарту, қоғамдық бастамаларды қолдау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, спорт федерацияларының бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға қосатын үлесін арттыру, сондай-ақ федерациялар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.