Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтің төрағалығымен салалық басқарма басшылары, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат және білім бөлімдерінің басшылары ішкі саясат пен коммуникацияны дамыту бойынша алдағы қадамдарды талқылады. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Талқыланған мәселелер қатарында цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті енгізу мәселелері, сондай-ақ «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» және басқа да халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен өңірлік дамуды нығайтуға бағытталған бастамалар бар. Талқылау қорытындысы бойынша ішкі саясат пен коммуникация салаларындағы жұмысты күшейтуге нақты тапсырмалар берілді.