Қаратал ауданында корей этносының ауыл шаруашылығындағы үлесіне арналған конференция өтті

Қаратал ауданында корей этносының ауыл шаруашылығындағы үлесіне арналған конференция өтті

Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану мұражайында «Қаратал ауданының ауыл шаруашылығында елеулі еңбек сіңірген корей қайраткерлерінің үлесі» атты мазмұнды конференция өтті. Іс-шара барысында корей этносының ауыл шаруашылығы саласындағы өлшеусіз еңбегі мен тарихи-мәдени мұрасы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар назарын аударған баяндамаларда корей халқының ерен еңбегі, табандылығы мен ел дамуына қосқан үлесі кеңінен баяндалды. Конференцияға құрметті қонақтар қатысып, жүрекжарды құттықтауларын білдірді. Танымдық баяндамалармен қатар, сала үздіктері мен ардагерлер салтанатты түрде марапатталып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында ұлттық болмыс пен бірлікті ұлықтаған мерекелік концерт ұйымдастырылып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.