«Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1.Жалпы ережелер
6.Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынғын кіріс Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) Өңірдегі қоғамдық – саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, жастардың толыққанды тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға, шешімдер қабылдау процесіне қатысуға, табысты әлеуеметтенуге және оның әлеуетін өңірдің одан әрі дамуына бағыттауға, Жетісу облысының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тіл капиталын дамыту және қазақ тілін толыққанды мемлекеттік тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты іскеа сыру.
2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 1081 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарының ережелерін іске асыру, басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша өзге Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
3) өңірде Президенттің Қазақстан Халқына жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіруді қамтамасыз ету;
4) ішкі саясат саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және тиімді іске асыру;
6) өңірдегі ішкі саясат процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен талдауды қамтамасыз ету;
7) қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық біліктілікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
1) құқықтары:
белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, басқарманың құзіретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
облыс әкіміне жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
басқарманың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, сондай – ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс – шараларға қатысуға;
ведомостволық бағынысты мекемелерді құруға, олардың құқықтық мирасқоры ретінде болуы және олардың қызметін үйлестіруге;
осы қызметке бұқаралық ақпарат құралдары, заңды тұлғалар, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуын ынталандыруға;
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңнаманың дұрыс қолданылуы жөнінде түсініктемелер беруге құқылы.
2) міндеттері:
Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша ақпараттық қолдауды жүзеге асыру;
Лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік – әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық – техникалық және өзге де көмек көрсету.
1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие және жастар саясаты, волонтерлік қызметті жаңғырту, тіл, ақпарат, мәдениет, гендерлік және отбасылық – демографиялық салаларда мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық – идеологиялық сүйемелдеу;
2) қоғамдық саяси тұрақтылықты, өңірдегі халықтың жалпыұлттық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру;
3) Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттық – талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік идеологиясын ілгерілету бойынша халықпен ақпараттық – түсіндіру және білім беру тәрбие жұмысының деңгейін арттыру;
4) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
5) өңірдегі ірі қоғамдық маңызы бар іс – шараларды ақпараттық – талдамалық және ұйымдастырушылық – техникалық сүйемелдеу;
6) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс – қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
7) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті талдауды және болжауды, әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
8) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
9) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін – өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу;
10) әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси және басқа да салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық – түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
11) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық – насихаттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру, ақпараттық – әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету;
12) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдармен (бұдан әрі – БАҚ), ғылыми және шығармашылық қоғамдастықпен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс – қимылды жүзеге асыру;
13) басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі жанында әрекет ететін консультативтік – кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;
14) өңірдегі қоғамдық – саяси ахуалды талдау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне мониторинг ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;
15) өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін әдістемелік қолдау және үйлестіру, заңнаманы сақтау мәніне БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу;
16) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдерді өткізу және жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
17) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге, облыс әкімі актілерінің жобаларын дайындауға және сараптауға қатысу;
18) басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихаттармен, облыс әкімінің аппаратымен өзара іс – қимыл сараптауға қатысу;
19) басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық дерекқорды қалыптастыру, жинақтау, қорыту және сыныптау;
20) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, облыстың, қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен және ауылдық округ әкімі аппаратарымен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының дұрыс қолданылуы жөнінде түсініктемелер беруге, заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсыныстар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
22) тілдік кемсітушілікке қарсы тұрып, мемлекеттік тілдің дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру, мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;
23) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
24) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
25) көше атауларын орналастыруға арналған эскиздер мен көрсеткіштерді әзірлеу барысында аудан, қала әкімдіктері ұсынған жобаларды алдын ала келісуді қамтамасыз ету.
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
27) облыс аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасының сақталуына мониторинг пен талдауды жүзеге асырады.
1) өз орынбасарларының және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынның міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
4) белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
10) бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысын үйлестіреді;
11) белгіленген тәртіппен қаржылық – экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
12) заңдылықтың, Басқарманың қызметіндегі шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
13) жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
14) Қазақстан Респуубликасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды,
Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Републикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Коммуникациялар мен мониторинг орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Техникалық және шаруашылық қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Jetisy jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Тіл» оқу – әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) «Жетісу» телерадиокомпаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
7) «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісу Медиа» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.