«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ - облыс аумағында қоғамдық даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 03 маусымдағы №153 Қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ қарамағында келесі ведомстволық бағынысты және квазимемлекеттік сектордағы ұйымдар бар:
1) «Коммуникациялар және мониторинг орталығы» КММ;
2) «Техникалық және шаруашылық қызмет көрсету орталығы» КММ;
3) «Қоғамдық келісім» КММ;
4) «Jetisy Jastary» КММ;
5) «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ;
6) «Жетісу Телеарнасы» ЖШС;
7) «Жетісу Медиа» ШЖҚ МКК.
752 - Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша 2025 жылға арналған 8 бюджеттік бағдарлама, бөлінген сома - 4 715 596 000 тенге, онын ішінде келесі бағдарламалар:
752 001 - «Қоғамдық даму саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»: 2025 жыл – 553 077 000 теңге.
752 003 - « Мемлекеттік органдар күрделі шығындары» 2025 жыл – 1 600 000 тенге;
752 006 - «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру»: 2025 жыл – 1 252 238 000 теңге;
752 009 - «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер»: 2025 жыл – 2 137 346 000 теңге;
752 010 - «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» 2025 жыл – 209 552 000 тенге;
752 032 - «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың күрделі шығындары» 2025 жыл – 215 011 000 тенге;
752 050 - «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту»: 2025 жыл – 59 532 000 теңге;
752 075 - «Облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету»: 2025 жыл – 286 868 000 теңге.