Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

 

№

Категория

Жиі қойылатын сұрақ

Қысқаша жауап

Толық жауап

НҚА-ға сілтемелер

Құпия сөздер мен хэштегтер

Жетісу облысының  Қоғамдық даму басқармасы

 1

Ономастика

Елеулі тұлғаның құрметіне көше атауын өзгерту тәртібі қандай?

Ономастикалық объектілерге жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері ретінде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың есімдерін беру қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 25-5 бабының 5-тармағына сәйкес, ономастикалық объектілерге жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері ретінде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың есімдерін беру қарастырылған.

Елімізде қалыптасқан ономастикалық ұстаным мен заң талаптары аясында даярланған ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ономастикалық объектілерге жеке тұлға есімін беруге ұсыну үшін аталмыш тұлға республикалық ономастикалық комиссиямен бекітілген тарихи тұлғалар тізімінде болуы қажет.

Жоғарыдағы талаптар негізінде ұсынылып отырған тұлғаның құжаттары жергілікті ономастикалық жұмыс тобының кезекті отырысында қаралып, қолдау тапқан жағдайда Жетісу облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссияға жолданатын болады.

Тұлғаның есімі республикалық тарихи тұлғалар тізіміне енгізілгеннен кейін және елді мекендердің көшелерінің біріне осы тұлғаның есімін беру мәселесі бойынша тиісті мекемелерден өтініштер түсіп, толық құжаттар ұсынылған жағдайда қажетті жұмыстар жүргізіледі.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z59

Көшелерді қайта атау туралы

 2

Мәдениет және спорт

Жергілікті жерлерде бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау тәртібі қалай реттеледі?

Жергілікті жерлерде бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау тәртібі Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңына және әрбір редакцияның ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асады.

Бұл бағыттағы негізгі құқықтық негізді Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ    «Масс-медиа туралы» Заңы және  «Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы №401-V Заң құрайды. Жарияланатын материалдар қолданыстағы заңнама талаптарына сай болуы тиіс, яғни жалған ақпаратты, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, экстремизмді немесе ұлтаралық араздықты қоздыратын мазмұнға жол берілмейді. Редакциялар өз кезегінде ұсынылған материалдарды заң талаптарына, этикалық нормаларға және редакциялық саясатқа сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ақпараттың нақтылығын және дереккөздердің дұрыстығын тексереді. Қажет болған жағдайда редакторлар материалға түзетулер енгізіп, қосымша түсініктемелер сұрауы мүмкін, алайда авторлық құқық сақталып, мақала автордың аты-жөні көрсетіле отырып жарияланады. Материал редакция мақұлдағаннан кейін тиісті бұқаралық ақпарат құралында – газет, журнал, телеарна, радио немесе интернет-басылым бетінде жарық көреді. Мемлекеттік органдар туралы ресми ақпараттар заңға сәйкес міндетті түрде мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда орыс тілінде беріледі.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000093

 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000401

мақала жариялау тәртібі

 

 3

Ақпарат, қол жетімділік, онлайн платформалар және жарнама

Басылымның тілінің өзгеруіне байланысты журнал қайта есептеле ме?

Мерзімді баспасөз басылымы БАҚ атауы, басылым тілі, меншік иесі, меншік иесінің атауы, Кезеңділігі, тақырыптық бағыты және таралу аумағы өзгерген жағдайда қайта есепке алынуға тиіс. Осыған байланысты, басылымның тілін өзгерту журналды қайта есепке алу үшін негіз болып табылады. Тек «Е-лицензиялау» порталы арқылы беріледі. Көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Бас тарту үшін негіз: теле -, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны «масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейді

«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдарды есепке қою, қайта есепке алу» Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес мерзімді баспа басылымы БАҚ атауы, басылым тілі, меншік иесі, меншік иесінің атауы, Кезеңділігі, тақырыптық бағыты және таралу аумағы өзгерген жағдайда қайта есепке алынуға тиіс. Осыған байланысты, басылымның тілін өзгерту журналды қайта есепке алу үшін негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 488 бұйрығымен бекітілген «мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Е-лицензиялау» порталы арқылы ғана жүзеге асырылады. Өтініш дұрыс толтырылған жағдайда қайта есепке қою туралы куәлік беріледі.

«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2400000093, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 488 бұйрығы https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035283

БАҚ қызметі

 

 4

Жастар және отбасы саясаты

Отбасында дағдарыстық жағдай туындағанда қайда жүгіну керек?

Отбасындағы дағдарыстық жағдайларды шешу үшін Сіз тіркелген/тұратын жеріңіз бойынша отбасын қолдау орталықтарына (ОҚО) жүгінуіңіз қажет. ОҚО барлық санаттағы отбасыларға жан-жақты көмек көрсетеді. ОҚО-ның негізгі міндеті-мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды жүзеге асыру; өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың             алдын алу жөніндегі шаралар.

Бүгінгі таңда 112 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Орталықтар аудандарда және қалалардағы аудандарда жергілікті атқарушы органдардың жанынан халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша құрылады.

Орталықтар:

1) неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;

2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;

3) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;

4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігімен қолдау көрсету;

5) Мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын;

6) Жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, еріктілермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

7) Мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;

8) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы жөніндегі өзге де шараларды іске асыру.

Аталған мәселелер бойынша өтініш берушілерге отбасын қолдау орталықтарында жан-жақты көмек көрсетіледі. Әрбір нақты жағдайда өтініш берушілер тұрғылықты жері бойынша орталықтарға жіберіледі.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518

Әлеуметтік көмек

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 ноября 2025