«Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілетін «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты облыстық байқауын өткізеді.
Байқаудың міндеті:
1) Кітап сүйер оқырманға қолдау көрсету;
2) Облыс тұрғындарын кітап оқуға ынталандыру;
3) Үздік көркем әдеби шығамаларды кеңінен насихаттау.
- Байқаудың тәртібі
- Басқарма байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
- Байқау 2024 жылғы 2 мамырда басталады және 31 мамырда аяқталады.
- Байқауға студенттер және облыстың ересек тұрғындары қатыса алады. Қатысушылардың санына және жасына шектеу қойылмайды.
- Байқауға қатысушылар https://t.me/+tbjtyvD39b9jMGYy осы сілтеме арқылы міндетті түрде Telegram қаналға тіркелу керек.
- Өткен жылдардағы бас жүлде мен І орынға ие болған жеңімпаздардың өтінімі қабылданбайды.
- Байқау туралы толық ақпарат, PDF форматтағы кітаптардың электрондық нұсқалары, қажетті мәліметтер Telegram каналда, Басқарманың ресми сайтында, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде орналастырылады.
- Байқаудың шарты
- Байқау келесі тәртіппен ұйымдастырылады.
- Байқауға қатысушы https://t.me/+tbjtyvD39b9jMGYy сілтеме арқылы телеграм каналға тіркелгеннен кейін бекітілген кітапты оқиды. Кітаптарды офлайн және онлайн PDF форматта электрондық нұсқаларын жүктеп оқи аласыздар.
- 2024 жылғы 31 мамырға дейін студенттер – Қуаныш Шоңбайдың «Бізге айтылмаған Q-П-Я», ересектер – Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» кітабын оқып бітіруі керек. Байқауға қатысушылар бекітілген күні онлайн формада тест тапсырады.
Тест Telegram каналында өтеді, бекітілген әр шығарма бойынша 100 сұрақ беріледі. Тест уақыты 60 минут болады. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін теске жіберілген жауаптар есептелмейді.
- Қорытынды ережелер
- Байқау жеңімпаздары Тестің нәтижесінде (жинаған балы, уақыты ескеріледі) анықталады.
- Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Басқарманың І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдарымен, Алғыс хаттарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады (уақыты қосымша хабарланады).
- Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Бақарманың интернет ресурстарында орналастырылады.
Туындаған сұрақтар бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады: 8 (7282) 40-10-49; 87778479008.