«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманы жария талқылау
ХАТТАМАСЫ
Талдықорған қаласы 2024 жыл 08 сәуір
Төрағалық етуші – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Б. Абибеков.
Қатысқандар – жұмыс тобының мүшелері, «Талдықорған таңы» газетінің бас редакторы Г. Нұршанова.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау.
Тыңдады: «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытынды анықтамасының жобасымен жұмыс тобының хатшысы Д. Атантелов таныстырды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды», сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы бұйрығы негізінде 2024 жылғы 02-12 сәуір аралығындағы кезеңде, 2023 жылғы IV тоқсанның және 2024 жылғы І тоқсанның қорытындылары бойынша ішкі талдау жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Внутренний анализ коррупционных рисков проведен по следующим направлениям:
1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сөз сөйледі:
«Талдықорған таңы» газетінің бас редакторы Г.Нұршанова:
Журналистер арасында «Алау», жастар арасында «Көшбасшы» және «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурстарының жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия құрамын қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету. Конкурстардың ережелерінде Комиссия шешіміне шағымдану нормалары мен тәртібі көзделсін.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: