Республикалық БАҚ үшін ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

 

 «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Республикалық деңгейде (Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру қызметі), Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру қызметі), Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру қызметі) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Жетісу  облысы, Талдықорған  қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй, 1028 кабинет мекен-жайы бойынша жіберіледі,  «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы»  ММ-нің  ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлімі 2024 жылғы  20 наурыз күні сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Жетісу облысы, Талдықорған қаласы қаласы, Балапанов  көшесі, 28-үй, 1028 кабинет  мекен-жайы бойынша 2024 жылғы  26 наурыз күні сағат 10:00-де ашылады.                          

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА" және "(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады. Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды. Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына  2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3 және 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014886

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 марта 2024