Ақпараттық хабарлама
«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ мерзімді баспа басылымдары (газеттер, журналдар), теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй, 1028 кабинет мекен-жайы бойынша жіберіледі, «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлімі 2024 жылғы 14 наурыз күні сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Жетісу облысы, Талдықорған қаласы қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй, 1028 кабинет мекен-жайы бойынша 2024 жылғы 15 наурыз күні сағат 10:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА" және "(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады. Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды. Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3 және 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014886