1.Жалпы ереже
1.1. Қоғамдық-саяси ахуалды талдау және мониторингі бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) қоғамдық даму басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Заңдарын басшылыққа алады, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулылары мен облыс әкімінің өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтарын, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы туралы Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес бөлімнің басты міндеті аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
1.4. Бөлімнің Ережесін, оның мақсаттарын, құқықтарын, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерін бөлуді басқарма басшысы бекітеді.
2.1. Бөлімнің құрылымына: бөлім басшысы, бір бас маман кіреді, олар мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылады, олардың тағайындалуы және лауазымнан босатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімнің басшысы:
- бөлім жұмысын және басшылықты ұйымдастырады;
- бөлім қызметкерінің шығармашылық және кәсіби жұмысына ықпал етеді;
- бөлімнің ұзақ мерзімді, ағымдағы жоспарларының орындалуын жүзеге асырады, оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.
3.1. Өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру, қоғамдық-саяси ахуалды талдау мен мониторингін жүзеге асыру.
3.2. Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде Жетісу облысының жедел хабарлау ету және ақпараттық ден қою Алгоритміне сәйкес жұмысты ұйымдастыру және іске асыру.
3.3. Облыс аумағында орын алған резонансты оқиғалар мен ахуал туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы мен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық Орталығын хабарлар ету;
3.4. Облыстың өзекті проблемалық мәселелері бойынша ұсынымдарды талқылау және әзірлеу үшін диалог алаңдарын ұйымдастыру.
3.5. Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
3.6. Жетісу облысында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мен сақтау жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру.
3.7. Бөлімнің басты мақсаты – Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес этникааралық қатынастар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
4.1. Бөлім қызметкерлері нормативтік-құқықтық актілер мен заңнамалардың сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
4.2. Өз құзыреті шегінде құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
4.3. Рұқсат етілмеген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырушылары мен қатысушыларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсініктеме беру.
4.4. Өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан сұратуға құқылы.
4.5. Басшылыққа жергілікті атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде өз құзіреті шеңберінде ұсыныстар енгізеді.
4.6. «Қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары: І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ғылыми-сараптамалық тобының, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубының, облыстық Аналар, Қоғамдық келісім кеңестерінің, медиация орталығының, өңірлік «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының штабының жұмыстарын үйлестіреді;
4.7. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;
4.8. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясаттың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету;
4.9. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтық қоғам институттарымен, этномәдени бірлестіктермен, қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
4.10. Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жүктелген міндеттерді орындау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және басқарма басшысының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау.
4.11. «Коммуникация және мониторинг орталығы» КММ, «Қоғамдық келісім орталығы» КММ қызметін үйлестіру.
4.12. Басқарманың құзыретіне кіретін құжаттар мен актілерді әзірлеуге қатысады.
5.1. Бөлімнің функциялары мен міндеттерін іске асыру мақсатында жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету.
5.2. Функционалдық міндеттерді орындау.
5.3.Жоғары тұрған ұйымдардан келіп түскен тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау.
5.4. Өз құқықтарын дұрыс және уақтылы пайдалану.
5.5. Мемлекеттік, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау.
6.1. Бөлімнің таратылуын және құрылуын басқарма басшысы жүзеге асырады.
6.2. Ережеге басқарма басшысы бекітетін толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.