1.Жалпы ереже
1.4.Бөлімнің Ережесін, оның мақсаттарын, құқықтарын, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерін бөлуді басқарма басшысы бекітеді.
2.Бөлімнің құрылымы және ұйымдастыру
Бөлім құрылымына: бөлім басшысы, үш бас маман кіреді, олар мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылады, олардың тағайындалуы және лауазымнан босатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімінің басшысы:
- бөлім жұмысын және басшылықты ұйымдастырады;
-бөлім қызметкерлерінің шығармашылық және кәсіби жұмысына ықпал етеді;
- бөлімнің ұзақ мерзімді, ағымдағы жоспарларының орындалуын жүзеге асырады, оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.
3.1 Ішкі саясат саласында жоспарлауды ұйымдастыру. Өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
3.2. Жергілікті атқарушы органдардың мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру.
4.1. Басқарманың жылдық, тоқсандық жоспарларының әзірлейді және орындалуын қамтамасыз етеді, қадағалайды, басқарманың есептерін және ақпараттарды дайындайды.
4.2 «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру шеңберінде іс-шаралар жоспарын әзірлеп, орындалуын қамтамасыз етеді;
4.3. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын, тапсырмаларын іске асыру бойынша «оқиғалар қатарын», желілік кестелер әзірлеп, оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
4.4. Облыс әкімінің, жоғары органдардың тапсырмаларын орындалуын үйлестіреді және бақылайды.
4.5. Облыс мемлекеттік, ұлттық және басқа да мейрамдарға қатысты қоғамдық-саяси маңызды іс-шараларды облыс, аудан, қалаларда жоспарлануын, ұйымдастырылуын қадағалап, өткізілуін қамтамасыз етеді.
4.6. «Е-Otinish», «Е-қызмет» ақпараттық жүйелерін, «Құжат айналымы» бағдарламасын іске асырады.
4.7. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын іске асырады.
4.8. ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бюджеттік кодексіне сәйкес бухгалтерлік есеп ілікті жүргізу, бюджеттің игерілуін орындау, қадағалайды.
4.9. Бөлім мамандары қызметтік міндеттеріне байланысты заңнамалар мен нормативтік–құқықтық актілердің талаптарының сақталуын бақылауға алады.
4.10. Бөлімнің негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардан, басқа да ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар жинақтайды.
4.11. Ішкі саясат сұрақтары бойынша жиналыстарға қатысады, ұсыныстар енгізеді.
5.1. Бөлім функциялары мен міндеттерін іске асыру жолындағы жоспарларды орындайды және оны іске асырады
5.2.Лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүктелген қызметтік міндеттерді орындайды
5.3. Жоғары тұрған құрылымдарға жіберілген ақпараттың уақытында және сапалы дұрыс береді.
5.4.Берілген құқықтарды дұрыс және мезгілінде қолданады.
5.5. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды.
6.1. Бөлімді тарату және қайта құру Басқарма басшысы жүзеге асырады.
6.2. Ережеге қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін және оны Басқарма бастығы бекітеді.