1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері
Жетісу облысындағы тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады;
Жетісу облысының аумағында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латынграфикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.
мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті тіл мәселелері жөнінде ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, Бөлімнің құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тілдер туралы заңнаманың дұрыс қолданылуы жөнінде түсініктемелер беруге;
жергілікті атқарушы органдардың тіл саясатын жетілдіруі жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;
Бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар дайындауға, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;
лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік мекемелерге, үкіметтік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық көмектер көрсетуге.
облыста бірыңғай тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету;
қоғамның экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын», идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын облыста жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды, жүргізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясатының және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі кешенді шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды үйлестіру;
облыс тұрғындарының тіл мәдениеті деңгейін арттыру, лингвистикалық каптталын дамыту үшін жағдай жасау;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетімен ономастикалық комиссияның қызметін, деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды сақтауды, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік мекемесі бекіткен терминдердің халық шаруашылығы мен әлеуметтік барлық салаларына енгізілуін қамтамасыз ету.
Жетісу облысының аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің дұрыс қолданылуына, пайдаланылуына (орнатылуына, орналастырылуына) мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша іс-шараларды іске асыру.жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.