БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстардың облыстық байқаудың
ЕРЕЖЕСІ
Байқауды «Жетісу облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестігі «Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өткізеді.
Мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, трендтерді пайдалана отырып, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
2.Қатысушылар:
Байқауға авторлар мен авторлық ұжымдар – редакцияның штаттық қызметкерлері және штаттан тыс авторлар немесе тілшілер, журналистер, баспасөз хатшылары, журналист-блогерлер қатыса алады.
3.Байқау материалдарына қойылатын талаптар:
Байқауға журналистердің 2023 жылғы 1 қаңтар мен 2023 жылғы 30 қараша аралығында баспа БАҚ-та, ақпараттық агенттіктерде жарияланған авторлық жұмыстары, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнесюжеттер, телебағдарламалар қабылданады.
Байқауға бағытталған жұмыс байқау материалдарына қойылатын талаптарды ескере отырып, тақырыпқа сәйкес келуі тиіс. Байқауға қатысушылардың баспа БАҚ-та, ақпараттық агенттіктерде жарияланған авторлық жұмыстары, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнесюжеттер, телешоулар қабылданады. Басылымдар түпнұсқада ұсынылуы керек (басылым, күні және автордың толық байланыс деректері көрсетілген). Бейне жұмыстар телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (CD/dvd дискілерінде, flash-тасымалдағыштарда немесе «облако» сілтеме арқылы) эфирлік анықтамалармен бірге ұсынылуы тиіс. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2023 жылғы 7 желтоқсан.
4.Байқауды өткізу кезеңдері
Байқау комиссиясы өз жұмысының қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздарын анықтайды.
Байқау келесідей номинациялар бойынша марапатталады:
Байқаудың комиссия төрағасы мен комиссия мүшелерінен құралады. Байқау комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің, Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының өкілдері, журналистика ардагерлері,
6.Авторлық құқық:
Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына байқауға қатысушы жауапты болады. Байқауға қатыса отырып, автор байқаудың Ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалды коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында, әлеуметтік желілерде орналастыру) пайдалануға автоматты түрде құқық береді.
Материалдарды байқаудың Ұйымдастыру комитетінің 7su-smi@mail.ru және pravozashita_tld@mail.ru электрондық мекенжайларына жіберу керек немесе Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28, №1028 кабинет және Назарбаев көшесі 67/87 мекенжайларына алып келуге болады.