1.1. Жетісу облысы әкімінің жүлдесі – облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдерінің арасында өтетін дәстүрлі байқау. Байқауды ұйымдастырушы – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – ҚДБ).
1.2. Байқау Жетісу облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара.
1.3. Байқауға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың редакциялары, шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлар қатысады.
2.1. Жетісу облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы байқауы халықты облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету мақсатында өтеді.
2.2. Байқаудың негізгі мақсаттары:
2.3 Байқаудың негізгі міндеттері:
3.1. Жетісу облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы байқауына қатысушылар:
3.2 Байқауды өткізу барысында қатысушылар презентация, қайырымдылық іс-шаралар мен баспасөз конференцияларына тартылуы мүмкін;
3.3 Номинант ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Номинант туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуацияны сақтай отырып жарияланады;
3.4. 2022 жылғы жеңімпаздар байқауға қатыспайды.
4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:
АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР
5.1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.
5.2. Үміткерлер тек бір номинацияға ғана қатыса алады. Тіркелген баспасөз және электрондық БАҚ-та 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап 1 желтоқсан аралығында эфирге шыққан, жарияланған бір материал ұсынылуы тиіс.
5.3. Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін ұйымдастырушылар әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Қазылар алқасы тиісті біліктілік талаптарына сәйкес материалдарды сараптамалық бағалау әдісімен саралайды. Қазылар алқасына байқауға қатысқан материалдардың авторы көрсетілмейді.
5.4. БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін):
БЕЙНЕМАТЕРИАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
Қажет болған жағдайда қазылар алқасының мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.
6.1. Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2023 жылғы 10 желтоқсанға дейін қабылданады. Конкурсқа 2023 жылдың 1 қаңтарынан 1 желтоқсан аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да БАҚ-та, телеэфирлерде, блогтарда жарияланған материалдарды ұсынуға болады.
6.2. Байқаудың қазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және ең үздік жұмыстарды іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды. Материалдардың авторы қазылар алқасы үшін жасырын болады.
7.1. Байқауды үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
7.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді.
7.3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс барысында осы Ережені басшылыққа алады.
8.1. Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті әр номинация бойынша қазылар алқасын құрады
8.2. Қазылар алқасы ізденушілер ұсынған материалдарды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды.
8.3. Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы – Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы, қоғамдық журналистік ұйымдарының өкілдері, республикалық және аймақтық БАҚ басшылары, ғылым және қоғам қайраткерлері, байқаудың әріптестері кіреді.
8.4. Қазылар алқасы байқау ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі.
8.5. Қазылар алқасының мүшелері байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне міндетті түрде қатысуы қажет.
9.1. Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
9.2. Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға хақылы.
9.3. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау 2023 жылдың 25 желтоқсанда өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады.
9.4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.
10.1. Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек.
10.2. Конкурстық материалдар келесі мекенжайда қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28-үй, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы немесе мына электрондық мекенжай бойынша: 7su-smi@mail.ru .
10.3. Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс;
10.4. Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.
10.5. Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары:
10.6. Конкурстық материалдар өңделмейді және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет ресурстарда және басқа да дереккөздерде толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.