Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал туралы
Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында 2023 жылдың II тоқсанында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар жоспарға сәйкес іске асырылды.
Өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Ақпараттық кеңістікке тұрақты түрде мониторинг ұйымдастырылды. Жыл басынан негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саладағы түйткілді мәселелерге, жол сапасына, өзге де әлеуметтік мәселелерге байланысты 951 негативті жарияланым анықталып, жергілікті атқарушы, мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан қажетті әрекет ету шаралары қабылданды.
Жыл басынан «Коммуникация және мониторинг орталығы» КММ 2818 респонденттің қатысуымен 17 сауалнама ұйымдастырып (7 онлайн-сауалнама, 7 телефон арқылы сауалнама, 1 көше сауалнамасы, 1 сандық зерттеу және 1 эксперттік сауалнама), тиісті мекемелерге ұсыныстар енгізді.
Облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өткізіліп, онда Ақсу, Ескелді, Көксу аудандарында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы қаралды.
1 маусым күні «Менің отаным - Қазақстаным» облыстық патриоттар форумы өтті. Форумда өңірдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар «Алғыс хат» және естелік сыйлықтармен марапатталды.
4-маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Талдықорған қаласында Мемлекеттік Тутұғыр жанында «Менің Туым – менің Отаным!» патриоттық акциясы өтті. Мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, депутаттар, қала тұрғындары, барлығы 1000-нан астам қатысты. Астана уақытымен сағат 11.00-де Мемлекеттік Гимн орындалып, патриоттық әндер шырқалды.
Өткізілген барлық іс-шаралар #Меніңрәміздерім #меніңмақтанышым, #Меніңтуым хештегімен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды.
«Жетісу» телеарнасында 8 сюжет, «Жүрек сөзі» бағдарламасында Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, «Құрмет» орденінің иегері Ж.Мәлібековтің сұхбаты берілді, эфирде күнделікті рәміздер туралы 5 бейнеролик көрсетілді.
Облыстық, аудандық, қалалық басылым беттерінде «4 маусым - Мемлекеттік рәміздері күні» арнайы айдарлар ашылып, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні», «Жырың болып төгілемін, елім!», «Менің Отаным – Қазақстан», «Айбынымызды асырған», «Мемлекеттіліктің нышаны» және т.б. тақырыптарда 34 материал жарияланды.
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл
Жетісу облысында 7 саяси партиялардың (Аманат, Ақ жол, ҚХП/НПК, Ауыл, ЖСДП/ОСДП, Республика, Байтақ) филиалдары, 377 үкіметтік емес ұйым тіркелген (ҚБ – 295, ҚҚ – 68, ЗТБ – 14), оның 308-і ҮЕҰ-дың Дерекқорына өз мәліметтерін тапсырды. ҮЕҰ-ның 7 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 489-1-бабына сәйкес өз мәліметтерін ҮЕҰ Дерекқорына уақтылы немесе толық ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ ең көп саны Талдықорған қаласында орналасқан (198). Ең азы Көксу, Кербұлақ (8 ҮЕҰ) аудандарында. Жалпы, 80-ге жуық ҮЕҰ белсенді қызмет атқарады.
Бүгінгі таңда үкіметтік емес сектор - бұл әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс - қимылдың маңызды нәтижелерінің бірі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру шеңберінде бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыру болып табылады.
Облыста биылғы жылы мемлекетік әлеуметтік тапсырысқа 1 431,5 мың теңге (жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – 581, 4 мың. тг., қоғамдық даму басқармасы – 186,5 мың тг., денсаулық сақтау басқармасы – 9,3 мың тг., мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы – 2 млн. тг., аудандық, қалалық ішкі саясат және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері – 652,3 мың тг. бөлінді).
Жоспарланған жобалар саны - 79
Жобалардың негізгі бағыттары:
ҮЕҰ өкілдеріне жүйелі әдістемелік және консультациялық көмек көрсету мақсатында ұзақ мерзімді әлеуметтік жобалар (үш жылдық) көзделген. Атап айтқанда, ҮЕҰ консалтинг орталығының жұмысын ұйымдастыру (шарт 10.04.2023 ж. жасалған, өнім беруші «Тамшыбұлақ» ҚБ), «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру, NEET саласындағы жастармен жұмыс, ҮЕҰ үздік жобаларын қолдау және т. б.
Биылғы жылы бірінші рет 57 млн. теңгеге ҚР АҚДМ-ның Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы гранттық қаржыландыру қарастырылды.
Гранттық қаржыландыру неғұрлым икемді тетік болып табылады және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен салыстырғанда халықаралық ұйымдармен ұқсас (USAID, Сорос қоры, ФЕЦ, Фридрих Эберт қоры және т.б.). ҮЕҰ-ға әлеуметтік жобалар түрінде өз бастамаларын ұсынуға басымдық береді. Тетік 2016 жылдан бастап енгізіліп, бірыңғай оператор «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ арқылы іске асырылады.
Сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, үкіметтік емес ұйымдардың дамуы мен қалыптасуына жәрдемдесу, олардың қоғамның әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешудегі рөлін күшейту үшін ү.ж. 27 қаңтарда облыс әкімдігі жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес құрылды. Құрамында 16 адам бар, мемлекеттік органдардың өкілдері – 6, азаматтық қоғамның өкілдері – 10. Кеңес отырыстары тоқсан сайын өткізіледі.
Қаралған мәселелер:
- Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандары мен Текелі қаласындағы жергілікті атқарушы органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыстары;
- азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы гранттық қаржыландыруға ұсынылатын жобалардың тақырыптарын бекіту;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау.
Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдарда азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғалардың тізімі қалыптастырылып облыс әкімдігінің сайтында жарияланды.
Ағымдағы жылдың 24-26 мамырында жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тиімді коммуникацияны қалыптастыру және жетілдіру мақсатында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективалары» атты Азаматтық форумы өткізілді.
БАҚ саласына қатысты
А.ж. І жартыжылдығында Жетісу облысы аумағында 42 өңірлік БАҚ жұмыс жасайды. Оның ішінде 26 мерзімді баспа газеттері, 3 журнал, 10 интернет басылымдар, 2 радио, 1 телеарна.
Облыс аумағында 554 көрнекі үгіт құралдары орналасқан.
Анықтама:
Билборд – 407, лэд экран – 12, сити борд – 13, лайтбокс, пиллон, перекидка – 119, брандмауэр – 3. Оның ішінде 180 «алтын», 130 «күміс», 244 «қола».
2023 ж. І жартыжылдығында төмендегідей жұмыстар атқаралды:
«Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мерзімді баспа басылымының бетінде 300-ден астам пікірлер басып шығарылды.
Облыстық «Жетісу» телеарнасында «Жаңалықтар», «Новости», «Бүгін», «Сегодня», «Талқылау» ақпараттық-талдау бағдарламаларында (мемлекеттік және орыс тілдерінде сюжеттер мен репортаждар) 80-қа жуық сюжет, 71 ролик, 50-ге жуық хабар көрнекті қоғам қайраткерлерімен көрсетілді.
Облыстың аудандық және қалалық әкімдіктерінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында 100 астам плакаттар мен инфографикалар орналастырылып, 69 билборд ілінді.
«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындалып, БАҚ-та орналастырылды.
2023 жылдың 1 маусымына «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жобасы» шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы Жетісу облысы бойынша 179 халықпен кездесу, 38 дөңгелек үстел, 34 семинар-кеңес өткізіліп, 32 сұхбат және 3613 кеңес берілді.
Сонымен қатар, газет-журналдарда 56, интернет желілері: фейсбукте-312, телеграмда - 22, инстаграммда - 398 мақала жарияланды. Әкімдіктердің ресми сайтында, халықты жұмыспен қамту орталықтарында, қоғамдық орындарда жұмыспен қамту белсенді шаралары туралы ақпараттық материалдар орналастырылды. Облыс аумағында 6 билборд және 15 стенд ілінді.
«Еңбек адамы» бойынша жыл басынан бері облыстық «Жетісу» телеарнасында 10 портреттік сюжет, тікелей эфирде 6 сұхбат берілді. «Бүгін», «Сегодня», «Таңжарық» бағдарламаларында «Өңірдің дамуына үлес қосқан еңбек адамы» атты айдармен Әкімбай Зәкірұлы, Социалистік Еңбек ері Күләш Айтжанқызы және Н.Н.Головацкий туралы сюжет көрсетілді.
Сонымен қатар, облыстық «Жетісу» және «Вестник Жетісу» гезеттерінде «Быть нужным-непростая работа», «Ер еңбегі-еліне», «Ердің даңқын еңбек шығарады», «Дара тұлға, дана қайраткер», «Өз ырзықтарын өздері табады» т.б. айдарлармен 50-ден астам мақала жарық көрді. Аудан, қалаларда «Еңбек адамы», «Еңбек құндылығы» идеологиясын ілгерілету мақсатында жеке кәсіпкерлермен, өз ісінің мамандарымен тәжірибе алмасу мақсатында кездесулер өтуде. Мәселен, мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланған, еңбектегі жетістіктерімен ерекшеленген кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы жұмыскерлері туралы 20 бейнеролик түсіріліп, «Жетісу» телеарнасында трансляциялануда. Жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтарды насихаттауға бағытталған жобалар берілуде. «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы айына 2 рет шығарылуда.
2023 жылдың 27 маусымынан бастап, «Жетісу» телеарнасында «Еңбек адамы» айдарымен жаңа бағдарлама көрсетілуде.
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс
Ағымдағы жылдың I жартыжылдығында Жетісу облысындағы мерзімді баспа басылымдары арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру конкурсы ұйымдастырылып, өткізілді.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру
ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылдың басында 15 жастан 35 жасқа дейінгі жастар саны 190 255 адамды құрайды.
2023 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың үлесі – 6,2% (республика бойынша 6,5%) құрайды.
Жұмыссыз жастардың үлесі - 4,8% (республика бойынша 4,8%).
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне Жетісу облысының жұмыспен қамту органдарына жастар арасынан 8136 адам жүгінді, олар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 6375 белсенді шарасы көрсетілді. 4256 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2320 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Қоғамдық жұмыстарға жастар арасынан 1368 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 108 адам, жастар практикасына 283 түлек, бірінші жұмыс орнына 170, «Ұрпақтар келісімшартына» 7 жіберілді, электрондық еңбек биржасында 212 онлайн оқытудан өтті, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1 492 адам жолданды, грант алғандар 82, 160 адам шағын несие алды.
Облыс бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысына 635 жастар тартылады, аталған жұмыстарға 80 млн. теңге бөлінеді.
Мемлекет басшысының әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылғы 27 маусым мен 10 шілде аралығында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында (Жамбыл облысының Гвардия ауданында орналасқан) 18-23 жас аралығындағы жастар қатарындағы жұмыссыз адамдарға арналған жазғы лагерь ұйымдастырылды, оның ішінде 30 адам NEET санатынан тұрады.
Бұл іс-шара жастарды әскерлердің тыныс-тіршілігімен таныстыруға, әскери қызмет және әскери іс туралы білім алуға, патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталған.
17 шілдеден бастап «ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Талдықорған филиалының базасында автомобиль техникасы слесары және газ-электр дәнекерлеуші мамандықтары бойынша облыстың 24-35 жас аралығындағы жұмыспен қамтылмаған жастармен оқыту жоспарлануда. Осылайша, тағы 30 адам әскери ерекшелікке қосылады.
Сонымен қатар, ҚР АҚДМ тапсырмасы негізінде «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Медиа» және «Бизнес» бағыттары бойынша үздік 10 жобаға «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс өткізілді. Аталған іс-шараға облыс жастары арасынан 80-нен астам жоба қатысты.
Жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларын шешу мақсатында ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап «Отбасы банкі» АҚ филиалымен бірлесіп 400 млн.теңге сомасына (40 пәтерге) «Жетісу жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжаттар қабылдау жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері жастарға мәдени, патриоттық тәрбие беру, бос уақытты тиімді үйлестіру, рухани-адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, мектеп, студент жастармен жұмыс және 48 728 адамды қамтитын ҮЕҰ бойынша 1210 іс-шара өткізілді.
Этносаралық қатынастар саласында атқарылған шаралардың ақпараты
Бүгінде облыстық Ассамблея этносаралық сипаттағы жанжалдардың алдын алу, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жұмылдырылуда.
Есепті мерзімде этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту бағытында 50-дан астам іс-шара өткізілді, оның ішінде аналар кеңестері – 12, ғылыми-сарапшылық тобы – 6, ҚХА кафедрасы – 6, жетекші журналистер клубы – 2, медиация саласында – 5, Ақсақалдар кеңестері – 10, «Ассамблея жастары» РҚБ филиалы - 12, волонтерлік салада – 10.
Сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбындағы XXХІI сессиясы жұмысына облыс делегациясы қатысты.
Этномәдени бірлестіктер этностардың салт-дәстүрлерімен таныстыру, татулықты сақтау мақсатында бірнеше шара өткізді, атап айтсақ «Туган тел» татар этномәдени бірлестігі Достық үйінде Дүниежүзілік татар халқының тағамдары күні мерекесіне орай қайырылымдылық пен мейірімділікті көздеген «Чак-чак пати» акциясын, «Сабантуй» мерекелік шарасын, «Полония» поляк мәдени-ағарту орталығы «Шекарасыз ән» облыстық форумын, Алакөл аудандық «Ляйсан» татар мәдениетінің орталығы» ҚБ «Сабантуй» мерекелік шарасын Лепсі ауылында, облыстық орыс орталығы Талдықорған қаласында Славян жазуы мен мәдениеті күндері аясында «Жетісу шұғыласы» фестивалін өткізді.
Ақсақалдар мен Аналар кеңестері:
Жастарды патриоттыққа, толеранттылыққа, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу мақсатында Қаратал ауданы, Бастөбе ауылының М.Горький атындағы орта мектебінде аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қыз - адамзат айнасы» форумыy, «Әкеге қарап, ұл өсер» тақырыбында абайтанушы, шәкәрімтанушы, дінтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Харекет» және «Жақсы» кітаптарының авторы О.Жәлелмен кездесу, «Ауылым – алтын бесігім» байқауын, Панфилов ауданында «Мәдениетті Ана – мәдениетті ұрпақ» форумын аналар кеңесі мен ұйғыр этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.
Әкелердің қоғамдағы рөлін күшейту мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ және Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің ұйымдастыруымен, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Менің әкем – байлығым, бақытым» әкелер форумы өткізілді. Шараға 8 аудан мен 2 қаладан үздік 11 әке қатысты. Шара барысында тақырыптық бейнероликтер, драматург С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» спектаклі көрсетіліп, мектеп оқушылары «Менің әкем» өлеңін мәнерлеп оқыды. Өңірдің Құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері және форумға қатысқан үлгілі әкелер «Асыл-әке» медалімен марапатталды.
«Ассамблея жастары» РҚБ филиалы:
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Достық үйінде 5514 әскери бөлімімен бірлесіп, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысын, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, ҚХА-ның республикалық жобасы аясында этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арналған Тіл мектебіне республиканың барлық облыстарынан 18 - 23 жас аралығындағы жастар, оның ішінде Жетісу облысының белсенділері, барлығы 70-ке жуық адам қатысты.
«Болашаққа - біліммен» жастар арасында интеллектуалды ойын, жастардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, достықты нығайтуға, жастарды ізденуге бағыттау, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және этнос жастарына тарихи, мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды, шараға 18-24 жас аралығындағы жастар қатысты.
Жетекші журналистер клубы:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкиннің Жетісу облысына сапары кезінде ҚХА-ның кезекті XXXII сессиясы қорытындысы бойынша «Көзқарас» талқылау алаңы ұйымдастырылды. Кездесуге облыстық Ассамблея мүшелері мен барлық құрылымдарының төрағалары мен белсенділері, БАҚ өкілдері қатысып, спикерлерге көкейтесті сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
«Қоғамдық келісім» КММ:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Жастар» саябағында «Достық» фестивалі өткізіліп, этномәдени бірлестіктердің қолөнер және Жетісу өңірінде тұратын түрлі этностардың ұлттық тағамдарынан көрмелер ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойнатылды. «Ассамблея жастары» өңірлік филиалы «Бір шаңырақ астында» челленджін, «Бірлігіміз жарасқан» акциясын өткізді.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, «Қоғамдық келісім» КММ және 5514 әскери бөлімі бірлесіп, жастарды патриоттыққа, толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Патриот болу - парызың» республикалық форумын Қаратал ауданында өткізді. Шараға 4 облыстан 30 жас қатысып, 2 кезең - спорттық-танымдық бағдарлама және зияткерлік сұрақтарға жауап берді.
Жасөспірімдер арасында жанжалды азайтуды және оқушыларға құрдастарымен ғана емес, ересектермен де қарым-қатынасты сауатты орнатуды көздеген мектеп медиациясына арналған семинар-тренинг өткізілді. Шараны облыстық деңгейдегі арнайы маман, жаттықтырушы-медиатор Б.Чингаева өткізді. Талдықорған қаласындағы орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мұғалімдер, барлығы 60-тан астам адам қатысты. Медиация кабинетінде ай сайын «Ашық есік күні» өткізілуде.
Достық үйінде 1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мүмкіндігі шектеулі балалардың «Мен – дарынды баламын!» V шығармашылық фестивалі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін және әлеуметтік белсенділігін дамыту, қатысушылардың жеке шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға және ашуға жәрдемдесу мақсатында өткізілді.
31 мамыр күні облыстық ҚХА-ның тарапынан саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихқа тағылым – өткенге тағзым» облыстық форумы өткізілді. Іс-шараға облыстық этномәдени бірлестіктер, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, мектеп, колледж жастары, БАҚ өкілдері қатысты. Қоғамдық даму басқармасының басшысы А. Башбаев, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Иманғазинов, «Жетісу» телеарнасының директоры С.Әбікенұлы және саяси қуғын-сүргін ұрпағының өкілі К.Түндебаев баяндамалар жасады. Форум барысында «Ұмытылмас тағдырлар» бейнеролигі мен Кербұлақ аудандық Мәдениет үйінің жанындағы «Күреңбел» театры артистерінің қойылымы көрсетілді.
4 маусым күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай, облыстық ҚХА өкілдері «Жастар» саябағындағы Ту тұғыры орналасқан аймақта өткен салтанатты шараға қатысып, Мемлекеттік Әнұранды орындап, «Assambly_jetisu» әлеуметтік желіде бейнеролик жариялады.
«Ерен еңбек майталмандары» іс-шарасы аясында өткен «Еңбегім-өрісім» байқауына 8 аудан, 2 қаладан ерен еңбектерімен елжұртқа танымал 20 кәсіпкер қатысып, өз кәсіптері мен еңбек жетістіктері, халыққа көрсетіп жүрген қызметтерінің қыр-сыры туралы бейнероликтер арқылы айтып, көрсетіп, жастарға кәсіп таңдауда бағыт берді.
Облыста тұратын этностардың этносаралық қарым-қатынастарын, этносаралық ахуалдың жай-күйін, динамикасы мен ықпал ету факторларын зерделеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, этносаралық қатынастар саласындағы жергілікті атқарушы органдар үшін практикалық ұсынымдар жасау және дайындау мақсатында әлеуметтанулық сауалнама жүргізді. Өңірде жалпы ахуал тұрақты, жүйелік проблемалар, мониторинг және профилактикалық шаралар бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Аудан, қала әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдері облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің ҚХА жанындағы барлық құрылымдарымен бірлесіп, негативті этносаралық мәселелердің алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар өткізуде. Жалпы өңірдегі этностар арасындағы этносаралық жағдай және этнос ішіндегі көңіл-күй бірқалыпты.
Есепті кезеңде мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек 3 млн. 740 000 теңге көлемінде этномәдени орталықтар мен ҚХА меценаттары мен кәсіпкерлерінің қолдауымен көрсетілді.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жұмыс жалғастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында ҚХА қызметін насихаттауға арналған 15 мақала жарияланды, телеарналарда 20 сюжеттер жарық көрді.
Интернет ресурстарда – 50 жарияланым орналастырылды.
ҚХА сайтының жаңалықтар бөлімінде – 10, аймақ жаңалықтарында - 10 материал жарық көрді.
Әлеуметтік желілерде:
Діни ахуал
Жетісу облысы аумағында діни ахуал тұрақты әрі болжамды.
Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы:
Облысымызда 256 діни бірлестіктер өз қызметін жүзеге асырады. Оның ішінде 205 ислам мешіттері, 16 Орыс-православ, 3 Рим-католик, 30 протестанттық шіркеулер, 1 Бахаи, 1 Ехоба куәгерлері.
Ислам мешіттерінің, Орыс-православ және Рим-католик шіркеулерінің қызметі:
Жалпы ислам мешіттер саны 205, 217 діни қызметкер жұмысын атқарады:
- 60 бас имам;
- 103 молда;
- 20 наиб имам;
- 29 қари;
- 5 азаншы;
Білім деңгейлері бойынша:
- 46 жоғары;
- 133 курс бітірген;
- 38 орта білімді;
50 христиандық және басқа діни бағыттарда 83 діни қызметкер жұмысын атқарады:
Олардың ішінде:
- 19 православтық;
- 2 Рим-Католиктік;
- 56 протестанттық;
- 2 Бахаи Қауымдастығы;
- 4 Ехоба Куәгерлері;
Білім деңгейі бойынша:
- 20 жоғары білімі бар;
- 35 теологиялық семинария;
- 28 орта білімі бар
Миссионерлер туралы:
Облыс аумағында тіркелген миссионерлер саны 9 (конфессиялар бойынша: католиктер-6, протестанттар-3).
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша:
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған.
Есептік кезенде 148 шара өтті, 9664 адам қамтылған Әлеуметтік желіде 236 ақпараттық материал орналастырылған.