Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы қаулының Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның орналасуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Исабаев