Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері!
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2024 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалардың тақырыбын және техникалық сипаттамасын қалыптастыру мақсатында ұсыныстар қабылдайды.
Осы ретте, әлеуметтік жобалар бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда 2023 жылғы 1 тамызға дейін uvp247498@mail.ru электронды поштасына жолдауға болады. Жобаларды қалыптастыру барысында олардың мақсаты Басқарманың қызметіне сай болуын ескерулеріңізді сұраймыз.
Сұрақтар бойынша 8/7282/412205 телефонына хабарласуға болады.
Жоба
2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Жетісу облысының үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларының
ЖОБАЛЫҚ ҰСЫНЫСЫ
кімнен_____________________________________(қоғамдық ұйымның атауы, Т.А.Ә., байланыс телефондары)
|
Жоба атауы |
Қысқаша техникалық сипаттамасы |
|
Жоба атауы: ______________ Жоба сомасы(мөлшерлішығын сметасына сәйкес) |
Жобаның мақсаты: _____________________________ (2-3 сөйлемнен кем емес); Жобаның өзектілігі: _________________________ Жоба аяқталған кейін қандай нәтижелерге қол жеткізіледі:
Индикаторлар: Жоба аясында өтетін іс-шаралар: (мысалы) - Семинарлар, тренингтер, кездесулер (шаралардың саны, қатысушылардың саны, таратылатын материалдар: блокнот, қалам, имидждік материалдар (паук, баннер т.б.), тренерлер немесе шараға шақырылатын қонақтар және т.б.);
- Конференция немесе «дөңгелек үстел» (шаралардың саны, қатысушылардың саны, таратылатын материалдар: блокнот, қалам, имидждік материалдар (паук, банер, лэд-экран т.б.), қатысушылардың контингенті, сөйлеушілер туралы ақпарат, бейнеролик әзірлеу т.б.; - Орталық ашу немесе қызмет бөлмесін ашу (консультанттардың саны, қауырт желісін ұйымдастыру, имидждік материалдар т.б.); - Бос уақыттағы шаралар, байқаулар, концерттер (қатысушылардың саны, таратылатын материалдар: блокнот, қалам, имидждік материалдар (паук, банер, фитодизайн, сыйлықтар т.б.), - Акциялар; - Ақпараттық буклеттер, әдістемелік құралдар, флаерлар (саны, форматы, дизайн т.б.); - Ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шаралар т.б. - БАҚ-та жариялау
Жобаның іске асыру мерзімі: Мөлшерлі шығын сметасы (міндетті түрде): |
Ескерту: Бұл нысанға қосымша шараларды қосуға немесе өзгертуге болады.
Қоғамдық ұйымның жетекшісі __________________________________
П.О.