Отырысының ХАТТАМАСЫ

Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ ұйымдастырған     

«Дінаралық келісім – қоғам тұрақтылығының кепілі» атты діни бірлестік жетекшілері клубы отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Талдықорған қ.                                №1                                   2023 жылғы 19 сәуір Өткізілген орны: Достық үйінің мәжіліс залы

Төрағалық етуші: басқарма басшысы  А.К.Башбаев.

 

Қатысқандар: басқарма басшысының орынбасары С.Д.Бимұханбетов, дін істері бөлімінің басшысы Д.М.Молдабаева, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ директоры Б.С.Смаханов, облыстағы исламдық және христиандық діни бірлестіктер жетекшілері  (ДБ жетекшілерінің тізімі қосымша – №1, 1 бетте).

 

КҮН ТӘРТІБІ 

 

  1. Отырыстың ресми бөлімі. Басқарма басшысының діни бірлестік (әрі қарай-ДБ) жетекшілерімен танысуы, діни ахуалға жалпы шолу жасау, ДБ жетекшілерінің баяндамаларын тыңдау.  
  2. Бүгінде қоғамда орын алып отырған бірқатар діни мәселелерді талқылау, шешу жолдарын қарастыру.
  3. Отырыстың екінші бөлімі. Кездесу қонақтарын сергіту мақсатында спорттық ойындар ұйымдастыру, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.

Діни бірлестік жетекшілерінің Клуб отырысы «Дінаралық келісім – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбына арналды. Жоспарға сәйкес, кездесу қонақтары түрлі діни конфессия өкілдері болғандықтан қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.

Жиналысты басқарма басшысы А.К.Башбаев ашып, қонақтарды өткен қасиетті Қадір түні мен Пасха діни мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, спикер еліміз үшін конфессияаралық келісім мен тұрақтылықтың, соның ішінде діни қызметкерлердің атқаратын ролінің маңыздылығын атап өтті. Конфессияаралық ынтымақтатықты нығайту мақсатында мемлекеттік органдар мен ДБ бірлесе атқарып жатқан игі іс-шараларға тоқталып, оң баға берді.

Келесі кезекте ДБ жетекшілері сөз алды. Алдымен Жетісу облысының бас имамы Алмас Данағұлов барша мұсылмандарды Рамазан айындағы діни мерекелермен құттықтап, кездесу тақырыбының өзектілігін тарқатып айтты. Өңірімізде ҚМДБ өкілдігі тарапынан атқарылып жатқан қайырымдылық шаралары мен имамдарының қызметіне жақсы баға беріп, қайырымдылықтың ұлтқа бөлінбейтіндігін айтты.

Келесі кезекте Талдықорған қаласының «Астана және Алматы Епархиясының «Иоанно-Богословский соборы» Приходының настоятелі -иерей А.А.Матлашов облысымыздағы діни тұрақтылықтың кепілі - ұлттар арасындағы достық екендігін айтып, ислам және христиан діндеріне ортақ адами құндылықтарды сақтау үшін жұмыла  күш салу керектігін жеткізді. Жаhанданудың ғылым, инновация сынды тек пайдалы жақтарын алып, өзіміздің қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға шақырды.

«Мәриям Патшайым Рим-католик шіркеуінің жетекшісі Шульчус Каститис Қазақстандағы католиктердің жағдайымен таныстырды.

Жетісу облысы бойынша «Агапе» Інжіл сенімі Христиандары шіркеуінің жетекшісі  Цой Дмитрий Юрьевич діндер арасындағы догматикалық ерекшеліктерге мән бермей, керісінше адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге шақырды.

Ескелді ауданының бас имамы Мұхамед Ордыбай  жаһандану қатерлерінің бірі діни экстремизм мен терроризмге және жастардың діни адасушылығына тосқауыл қою мәселесіне тоқталды.

Жетінші күн Адвентистері христиандық шіркеуінің жетекшісі Ким Сергей Борисович діни бірлестіктердің қоғамға пайдасын арттыру және қайырымдылық істерін іске асыруда жеңілдету үшін ДБ-ге ортақ ақпарат алмасатын топ құруды ұсынды.

Еңбек ауылдық мешітінің бас имамы Әбіләкім Ибрахим қазақ тілінің мәртебесін көтеру жөнінде сөз қозғады.

Келесі кезекте күн тәртібіне шығарылған мәселелер талқыланды.

  1. «Жастардың шетелдік теологиялық оқу орындарына (әрі қарай - ШТОО) қызығушылығын қалай төмендетуге болады?» деген мәселеге қатысты облыстың бас имамы А.Данағұлов мәселені білетінін және  жамағат арасында Мысырлық  «Әл-Азһар» университеті, Түркиялық  «Хасеки»  университеті және тағы басқа рұқсат етілген ШТОО туралы айтып отыратынын мәлімдеді. 

Ұсыныс: жұма уағызы кезінде жамағатқа діни білім негізі Отандық діни білім беретін оқу орындарында қаланатындығын және тек содан кейін ғана білім шыңдау мақсатында арнайы сертификатталған ШТОО баруға болатындығын жиі түсіндіру.

  1. Кейінгі кезде қаланың бірқатар сауда орталықтарында мектеп оқушыларының діни сипаттағы кітап сату фактілері тіркелді. Бас имам бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Ұсыныс: түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.

 

 

Басқарма басшысы                                        А.Башбаев                   

                   

 

Хатшы                                                                Н.Келемсейіт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   №1 қосымша  

 

 «Дінаралық келісім – қоғам тұрақтылығының кепілі» атты діни бірлестік жетекшілерінің  Клуб отырысына қатысушылар тізімі

 

№

Аты-жөні

Қызметі

Ислам бағыты

1.      

Алмас Данағұлов

Жетісу облысының бас имамы

2.      

Жұмағалиев Болат

Жетісу мешітінің бас имамы

3.      

Дауытов Керімбек

«Тәубе»  мешітінің бас имамы

4.      

Мұқият Нұрсұлтан

Дінмұхаммед мешітінің  бас имамы

5.      

Хадыс Хұмар 

Еркін ауылдық мешітінің бас имамы

6.      

Әбіләкім Ибрахим

Еңбек ауылдық мешітінің бас имамы

7.      

Ұлықбек Жанат

Текелі қаласының наиб имам

8.      

Мұхамед Ордыбай

Ескелді ауданының бас имамы

9.      

Қажиәкбарұлы Мұғыраж

Көксу ауданының наиб имам

10.   

Нұқтарұлы Бердібек

Қаратал ауданының бас имамы

Христиан бағыты

1.      

Матлашов

Александр Александрович

Орыс-православ шіркеуі

 «Приход Иоанно-Богословского собора» Талдықорған қаласы

«Иоанно-Богослов соборы приходы»

2.      

Ибраев Рулан Кайратович

«Источник жизни» г. Талдыкорган

3.      

Каститис Шульчус

Католиктік шіркеуінің

«Мәриям Патшайым махалласы» жетекшісі

4.      

Цой Дмитрий Юрьевич

 

«Агапе» шіркеуінің  жетекшісі

5.      

Искаков Александр Каримович

Шіркеу «Евангелическо-лютеранская община»

Талдықорған қаласы

6.      

Дьяченко

Валентин Константинович

Шіркеу «Новая жизнь»

Талдықорған қаласы

7.      

Ким сергей Борисович

«АДС» шіркеуінің  жетекшісі

Барлығы:  17 адам

 

Дата публикации
16 июня 2023