25-26 мамырда Талдықорған қаласында Жетісу облысының "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективалары" атты II Азаматтық форумы өтті

25-26 мамырда Талдықорған қаласында Жетісу облысының "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективалары" атты II Азаматтық форумы өтті.

Форумның міндеттері:

* "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" саясатын іске асыру шеңберінде азаматтық секторды мемлекеттік қолдау мен реттеудің қолданыстағы жүйесінің нәтижелерін бағалау;

* Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылау, ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту, түрлі республикалық, өңірлік бағдарламаларды іске асыруға азаматтық қоғамның қатысу деңгейін бағалау;

* ҮЕҰ-ның оң имиджін қалыптастыру мақсатында ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның өзге де институттарының жұмысына халықтың сенімі мен танылу деңгейін арттыру.

Форумға Қатысушылар:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстанның Азаматтық Альянсының, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ, ішкі саясат және қоғамдық даму басқармаларының 17 облыстан және Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан, республикалық, облыстық, өңірлік ҮЕҰ-дан, саяси партиялардан, діни бірлестіктерден өкілдері, азаматтық белсенділер, қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары, әр түрлі деңгейдегі депутаттар, бизнес, БАҚ, "Атамекен" ҚР ҰКП, ҚХА өкілдері, қоғамдық кеңестердің төрағалары, барлығы 200 адам.

Форум жұмысы екікүндік форматта өтті.

Бірінші күні  Салтанат Сарайнда форум қатысушылармен TedX форматында танысу, 4 панельдік сессия жұмыстары өтті.

Сол күні ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық Кеңестің кеңейтілген отырысы облыс әкімінің орынбасары Р.Алидың төрағалығымен өтті. Облыстық кеңес отырысына ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Г.С.Султанова қатысты.

 

Екінші күн  форумның пленарлық отырысы өтті. Форум барысында  Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Нұрғазиева Бану Ғаниқызы, ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасы орынбасары Гулбара Бекетқызы Султанова, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының президенті Алия Оспанова, «Ошақ» тұрақты даму орталығының жетекшісі Молдабаев Сарқытбек, Іле ауданы маслихатының төрағасы Роза Абилова сөз сөйдеді.

 

Форум қатысушылары ұсыныстар   қабылдады, сонымен қатар ҮЕҰ-ның үздік әлеуметтік жобалары марапатталды.

Дата публикации
27 мая 2023