1 отырысының хаттамасы

Жетісу облысы әкімдігінің жанындағы

үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің 1 отырысының хаттамасы

 

 

  Талдықорған қаласы                            №1                        «   28  »    сәуір   2023 жыл

 

 

Кеңестің төрағасы: Жетісу облысы әкімінің орынбасары Р.Али

 

Қатысушылар: облыс әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес мүшелері (тізім бойынша), үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

 

Күн тәртібі:

  • Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарында жергілікті атқарушы органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыстары

(Қ. Қасымов, Н. Аденов, Д. Халелов)

 

Кеңес ұсынады:

  • Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарында жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыстары туралы есептері назарға алынсын.
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобаларды «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына» сәйкес жүзеге асыру.
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырылатын конкурстар мен өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттарды БАҚ-та, сайттарда, әлеуметтік желілерде кеңінен жариялау.
  • ҮЕҰ-дың Дерекқорына өз мәліметтерін уақытылы немесе мүлдем тапсырмаған үкіметтік емес ұйымдарды ү.ж. 1 маусымға дейін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінің 489-1-бабына сәйкес жауапкершілікке тарту мәселесін пысықтау.
  • Үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне, жүзеге асырып жатқан жобаларына, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында көрсетілген әлеуметтік қызметтер сапасына үнемі мониторинг жүргізу.
  • ҮЕҰ өткізетін іс-шараларға әртүрлі топтардың (қандастар, саяжай тұрғындары, кәсіпкерлер, жұмыссыздар және т.б.) қатысуын қамтамасыз ету;
  • Әрекетсіз ҮЕҰ санын азайту үшін заң аясында шаралар қабылдау;
  • ҮЕҰ бір-бірімен тәжірибе алмасу үшін тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б. кешенді іс-шаралар ұйымдастыру.
  • Салалық принциптер бойынша ҮЕҰ жұмыс жүргізу;
  • Аудан (қала) әкімдігі немесе бөлімдер жанынан құрылған консультативтік - кеңесші органдардың жұмысына ҮЕҰ тарту;

Көксу ауданының әкімдігіне:

  • «Қоғам және отбасылық құндылықтары» қоғамдық бірлестігінің кеңсе мәселесін қарастыру;

Қабылданған шешімдер және атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2023 жылғы 1 маусымға дейін ұсыну қажет.

 

  1. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы гранттық қаржыландыруға ұсынылатын жобалардың тақырыптарын  бекіту

(А. Башбаев)

 

Кеңес ұсынады:

  • Қоғамдық даму басқармасының басшысы Башбаев Айдар Карбозұлының хабарламасы назарға алынсын.
  • «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруды жүзеге асыру үшін келесі бағыттағы жобалар ұсынылсын:

- Жастар арасында волонтерлік бастамаларды қолдау;

- Пікірталас қозғалысын дамыту және насихаттау;

- Балалар үйінің түлектерін қолдау;

- КТК ойындарын қолдау;

- Жастар арасында есірткі мен олардың прекурсорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу;

- Ұлттық құндылықтар және патриоттық тәрбие;

- Алаяқтық схемалар мен «Инфобизнесмендерді» әшкерелеу арқылы алаяқтық жағдайларының алдын алу және қаржылық сауаттылықты арттыру.

 

 

Кеңестің төрағасы,

Облыс әкімінің орынбасары                                  Р. Али

 

 

Кеңестің хатшысы                                                    С. Тазабекова

 

Дата публикации
23 мая 2023