Жетісу облысында жастар саясатын дамыту туралы АНЫҚТАМА

СПРАВКА

о реализации государственной

молодежной политики в области Жетісу

 

На начало 2023 года численность молодежи от 14 до 35 лет составила               190 255 человек (47,6% от численности населения). Из них в городской местности - 83 892 и в сельской местности- 106 363 человек.

Жетісу облысында жастар саясатын дамыту туралы

АНЫҚТАМА

 

Жалпы облыста 14 пен 35 жасқа дейінгі жастар саны статистикалық деректерге сәйкес 190 255 адамды құрайды (халық санынының 47,6%). Оның 83892-і қалалық жерде, 106363-і ауылда.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 15-28 жас аралығындағы NEET санатындағы жастардың үлесі 6,2% құрайды (республика бойынша 6,5%).

Жастар жұмыссыздық деңгейі - 4,2% құрайды (республика бойынша 3,8%).  

Жастар саясатын жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 595,2 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген.

Облыста 2022 жылдың қазан айынан бастап жаңадан құрылған Жастар ресурстық орталықтары жұмыс істей бастады, оның ішінде: 1 облыстық, 8 аудандық және 2 қалалық (штат саны - 90), ауылдық округтерде жастар инструк жөніндегі 104 нұсқаушы жұмыс істейді.

2022 жылдың қыркүйек айында елімізде алғаш болып Текелі қаласында (моноқала) арнайы жастар үшін сыймдылығы 100 адамды қамтитын Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимараты бой көтеріп, жастардың игілігіне берілді.

  1. Жастарды жұмыспен қамту мен әлеуметтендіру.

2023 жылдың 1 сәуіріне Жетісу облысының жұмыспен қамту органдарына жастар арасынан 2661 адам жүгінді, олар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 1834 белсенді шаралары көрсетілді. 1307 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 365 адам.

Қоғамдық жұмыстарға жастар арасынан 549 адам, әлеуметтік жұмыстар орнына- 47 адам, жастар практикасына -205 түлек, алғашқы жұмыс орнына - 96 адам, ұрпақтар келісім-шарты бойынша- 3, ЭЕБ онлайн оқудан өткендер-42, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 465 адам жіберілді, грант алғандар – 20 адам.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жетісу облысы бойынша NEET санатындағы 15 419 жастың тізімін ұсынды. Тізімде көрсетілген жастардың әлеуметтік санатын нақтылау мақсатында облыс бойынша атаулы жұмыс жүргізілді. Ағымдағы жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша NEET санатындағы жастар 100% өзектендірілді және «Отбасы цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілді.

 «Жасыл ел» еңбек жасақтарында 635 жасты уақытша маусымдық жұмыспен қамту жоспарлануда.  Бұл бағытқа  80 млн. теңге бөлінді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы облысымызда бюджеттік несиеге республикалық бюджеттен 206 маманға                  1,1 млрд. теңге, көтерме жәрдемақыға жергілікті бюджеттен 335 маманға                                 115,6 млн.теңге бөлінді.

  1. Жастарға арналған тұрғын-үй бағдарламасы.

2022 жылдан бастап «Жетісу жастары» жеңілдетілген тұрғын-үй бағдарламасы жетімдер үйінің түлектеріне берілуде. Бағдарламаға 400 млн. теңге бөлінді.

2023 жылы «Жетісу жастары» бағдарламасын жүзеге асыру үшін                        500 млн. теңге бөлінді.

  1. Мемлекеттік гранттар.

Жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін 2023 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау жоспарлануда.                            Әр жобаға 3 млн. теңге қарастырылған.

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бірқатар шаралар жоспарлануда. Атап айтсақ:

- жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 5 млн. теңгеге дейін грант беру жоспарлануда, жергілікті бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді;

- 2023 жылдың наурыз айынан бастап Жетісу өңіріндегі 249 жасқа жалпы сомасы 1, 245 млрд. теңгеге жылдық сыйақы мөлшерлемесі                        2,5% жеңілдікпен шағын несие берілетін болады.

  1. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету

Өңірде студент жастарға мол мүмкіндіктер жасалған. 2022-2023 жылғы оқу жылында 1 ЖОО - 4845 студент, ал 26 колледже - 14586 студент білім алады. Барлық студенттер жатақханалармен қамтамасыз етілген, қажеттілік жоқ.

Анықтама үшін: (1 ЖОО-753 студент, 21 мемлекеттік және 1 жекеменшік колледждің 20-да жобалық қуаттылығы - 4577 орынға арналған жатақханада 3451 студент тұрады).

  1. Қаңтар оқиғасына қатысқан жастармен жұмыс

Қаңтар оқиғасына қатысқандардың басым бөлігі жастар болды.  Қазіргі таңда Жетісу облысында қаңтар оқиғасына қатысқан жастарды әлеуметтендіру бойынша жол картасы бекітілді.

Пробация қызметінің есебінде қаңтар оқиғасына қатысқан 130-дан астам адам тіркелген. Олардың 50-мен  нақты жұмыс жүргізіліп, қалған адамдармен байланыс орнату шаралары жасалуда.  Атап айтқанда, 6 адам медициналық тексеруден толық өтті, 8-не қысқа мерзімді курстарға жолдама берілді, 1-і «Zhas project» шағын гранттар конкурсына қатысып 1 млн. теңге ұтып алды, қазіргі таңда өз кәсібін ашты, сондай-ақ,  1 адам бұрынғы жұмыс орнына қайта алынды.

  1. Жоспардағы шаралар.
  2. «Алғашқы қадам» жобасы - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен тәлімгерлер арқылы кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған 952 адам тіркелген. (Анықтама үшін: отбасылық тәрбиеге орналасқан-783, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар және жетім балаларға арналған ұйымдарда-139).
  3. «Жаңа буын» жобасы - базарда еңбек ететін жастармен жұмыс жүргізу мақсатында жоспарлануда. Жоба 7 бағытта жүзеге асырылады (спорттық және мәдени шаралар, гранттық байқаулар, ағылшын тілін оқыту курстары мен тұлғалармен ашық алаңдардағы кездесулер ұйымдастырылады).
  4. «Ауыл жастары» - ауыл жастарын әлеуметтендіру және қолдау мақсатында жүзеге асырылатын жоба. Жоба аясында қолөнерді дамыту, шығармашыл, талантты жастарды қолдау, мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекет тарапынан ұсынылған өзге де қолдаулар туралы ақпараттандырылатын платформа құру, белгілі кәсіпкерлерді менторлыққа тарта отырып ауыл жастарына бизнес дағдыларын үйрету, ауыл шаруашылығы саласындағы жеңілдіктер мен субсидияларды алу мүмкіндіктері түсіндіріледі. Сонымен қатар, туризмді дамыту мақсатында туристік жорықтар мен тау спорт түрлерін насихаттау жұмыстары жүргізіледі.
  5. «Жетісу лигасы» жобасы аясында, ауыл жастарын спортмен шұғылдануға, салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған және патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік беретін чемпионаттар ұйымдастырылады.

 

 

 

 

Дата публикации
18 мая 2023