Ақпараттық хабарлама
«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ Жетісу облысы бойынша Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй, 1028 кабинет мекен-жайы бойынша жіберіледі, 2023 жылғы 25 мамыр күні сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Жетісу облысы, Талдықорған қаласы қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй, 1028 кабинет мекен-жайы бойынша 2023 жылғы 26 мамыр күні сағат 10:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға өңірлік деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімсіз жіберілген құжаттар қаралмайды. Қағидалардың 8 және 34 Тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-Қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының
3 Қосымшаларына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.
https://adilet.zan.kz/kaz/archive/docs/V1700014886/19.06.2021 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме.