«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ мерзімді баспа басылымдары (газеттер, журналдар), теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй, 1028 кабинет мекен-жайы бойынша жіберіледі, 2023 жылғы 27 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Жетісу облысы, Талдықорған қаласы қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй, 1028 кабинет мекен-жайы бойынша 2023 жылғы 28 наурыз күні сағат 11:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға өңірлік деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімсіз жіберілген құжаттар қаралмайды. Қағидалардың 8 және 34 Тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-Қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 3 және 5 Қосымшаларына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.
https://adilet.zan.kz/kaz/archive/docs/V1700014886/19.06.2021 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме.